Маңғыстауда түзеу мекемелеріне «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі таныстырылды

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің жеке құрамдары қатысты.

Жоба туралы толығырақ түсіндіріп өткен Агенттіктің аумақтық департаментінің басқарма басшысы Нариман Айтжанов, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады және әкімшілік кедергілер орын алған жағдайда жаңа кеңсеге хабарласуға болатындығы айтты.

«Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының уақытша міндетін атқарушы Маралбек Сейілов, барлық мүдделі тараптармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

Жобаның негізгі міндеттері — тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу.

Жаңа кеңсе Маңғыстау облысы әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан. Туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады 8 (7292) 30-12-82, + 7 (701) 550-51-09 немесе электронды пошта: mng.project@mail.ru