МАҢҒЫСТАУДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 1860 ОРЫНДЫҚ 3 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті.
«Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп іске қосылады. Жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 ш/а 1200 орындық, Шығыс-1 ш/а 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі»,-деді МО әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.
Қазіргі уақытта 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Ақтау қаласындағы №28 о/м мен 15 ш/а IT мектеп-лицей 30 қыркүйекте және Түпқараған ауданындағы Е. Өмірбаев ат. о/м 7 қыркүйекте аяқталады.
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 53 мектептің сыртқы әжетханаларын ішке орнату және 94 мектептегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларды қашықтықтан оқыту барысында елді мекендердегі интернет жылдамдығына талдау жүргізілді. Жоспар аясында тиісті басқармалар, ауыл, аудан, қала әкімдіктері өз аумақтарында ұялы байланыс операторларымен, телекоммуникациялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп, тиісті жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар интернет желілері мүлде қолжетімсіз аймақтарда тұратын 14 244 отбасыларға жергілікті бюджет есебінен БИЛАЙН, КСЕЛЛ, АЛТЕЛ ұялы байланыс операторларының 14 244 модем-роутері сатып алынуда. Бұл үшін 233,9 млн.теңге қаржы бөлінді.
МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ