МАҢҒЫСТАУДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 1 МЛН. 200 МЫҢ Ш.М. ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы.

2020 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 349 мың ш.м. (өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 94,7%, 2019 жылы 369 мың ш.м.) тұрғын үй қолданысқа берілген. Салынып жатырған тұрғын үйлердің негізгі бөлігін ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңында 1 млн. 200 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама:

жеке тұрғын үй – 238,332 мың шаршы метр;

көпқабатты тұрғын үй – 111,103 мың шаршы метр.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 22,4 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 101,2% құрады.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 28,9 млрд. теңгені құрапы, нақты көлем индексі 101% болды.

Бағдарламаның орындалуына 2020 жылы республикалық бюджеттен 10,1 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 679,6 млн. теңге толықтай игерілді.

Жалпы бұл бағдарлама бойынша іске асырылып жатырған жобаларда 925 уақытша және 50 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Соның ішінде, жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 2,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 29,5 мың ш.м. құрайтын 504 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысына және 67 пәтер сатып алуға жұмсалады. Жыл соңында 19,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталады және 4,0 мың ш.м. құрайтын 67 пәтер сатып алынады (пайдалануға берілетін 419 пәтердің 215 пәтері көпбалалы отбасыларға беріледі). Бұл бағытта 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспарланған 277 млн. теңге толықтай игерілді.

1. Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерге арналған 2,874 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.

2. Форт-Шевченко қаласында 16 пәтерге арналған 0,962 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.

3. Ақтау қаласында 19а шағынауданында 144 пәтерге арналған 7,847 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.

4. Қарақия ауданы Жетыбай селосындағы 144 пәтерге арналған 7,8 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.

5. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосынан 67 пәтерге арналған 4,020 шаршы метрді құрайтын бастапқы тұрғын үйлерден пәтерлер сатып алу.

6. Мұнайлы ауданы Батыр селосындағы 80 пәтерге арналған 6,1 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы. 2021 жылға өтпелі.

7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы. 2021 жылға өтпелі.

Несиелік тұрғын үй құрылысына (облигациялық қағаздарды шығару есебінен) ағымдағы жылы 4,0 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бұл бағыт бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Жыл соңында 627 пәтер немесе 45 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

1. Ақтау қаласында 670 пәтерге арналған 53,438 мың шаршы метрді құрайтын «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің 447 пәтерге арналған 35,625 мың шаршы метрді құрайтын 2 бөлігі пайдалануға беріледі. 1 бөлігі 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.

2. Ақтау қаласында 18 шағынауданда 180 пәтерге арналған 10,150 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

3. Ақтау қаласында 19а шағынауданында 432 пәтерге арналған 22,434 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер 2021 жылдың 1-ші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысына 5,0 млрд. теңге көлемінде қаржы несиелік тұрғын үй құрылысына қаралған, бұл қаржыны мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру жоспарланып отыр.

Анықтама: қызуғышылық танытып отырған 2 құрылыс мекемесі жобаларымен дайын.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржы 10 нысан құрылысына бағытталады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 402,6 млн. теңге толықтай игерілді.

1. «Ақтау қаласының Шығыс-2 шағынауданында су және кәріз жүйелерінің құрылысы»

2. Құрық селосынан жаңа бөлінген жер телімдеріне ток жүйесінің құрылысы

3. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы жаңадан салынатын тұрғын уйлерге электр желісі құрылысы

4. «Шығыс-3 шағынауданында ішкі шағынаудандық инженерлік желілер құрылысы (электрмен жабдықтау)»

5. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Бегей тұрғын үй алабын және Ақшұқыр селосын (І кезек) газбен жабдықтау құрылысы

6. Ақтау қ. 18 шағынауданында ішкі шағынаудандық инженерлік желілер құрылысы (электрмен жабдықтау)

7. Ақтау қаласының 19а ықшамауданының ықшамаудан ішінде инженерлік желілерді салу. Электрменжабдықтау

8. Ақтау қаласының 16 шағын ауданында инженерлік желілердің құрылысы (электрмен қамту)

9. Ақтау қаласының 19 шағын ауданындағы инженерлік инфрақұрылым құрылысы. Электрмен жабдықтау бөлімі

10. Ақтау қаласының (16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35) жаңа ықшамаудандарында газ тарату желілерін салу

Өңірімізде пайдалануға беріліп жатырған тұрғын үйлердің 50%-ға жуық көлемі көпқабатты коммерциялық тұрғын үйлер болып табылады.

Әкімдік тарапынан облыс орталығының бас жоспарына сәйкес жаңа аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кезекте тұрған азаматтарын Ақтау қаласына көшіру.

2019 жылдан бастап Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарды Ақтау қаласына кқшіру жұмыстары басталды.

2019 жылы республикалық бюджет есебінен 2,7 млдр. теңге қаржыға 268 пәтер сатып алынды.

Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,0 млрд. теңге қаржыға 126 пәтер сатып алынып, 70 пәтер 2019 жылы берілді, қалған 56 пәтер ағымдағы жылы беріледі (268 + 126 = 394 пәтер).

Сондай-ақ 2020 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,5 млрд. теңге қаржыға 150 пәтерден кем емес көлемде пәтерлер сатып алу жоспарлануда.

Осылайша, 2019 – 2020 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға 544 пәтер жоспарланған (2019 жылы – 394 пәтер, 2020 жылы – 150 пәтер).

«Бақытты отбасы» бағдарламасы

2019 жылы бағдарлама бойынша 254 өтінім мақұлданып, оның ішінде 251 азамат (Ақтау-85, Жаңаөзен-34, Түпқараған-24, Маңғыстау-13, Бейнеу-10, Мұнайлы-69, Қарақия-16) 2,4 млрд. теңге көлемінде несие алып, пәтерлеріне ие болды, 3 азамат (Жаңаөзен қаласы) құжаттарын рәсімдеуде.

Санаттар бойынша көп балалы отбасылар – 122, толық емес отбасылар – 88, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 41.

2019 жылы 21 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді, көлемі – 19,6 млн.теңге (Ақтау-3 отбасы — 2,9 млн.теңге, Жаңаөзен-1 отбасы – 1,0 млн.теңге, Мұнайлы-14 отбасы — 13,0 млн.теңге, Түпқараған-3 отбасы – 2,6 млн.теңге).

2020 жылы бағдарлама бойынша берілген лимит саны – 167. 13.03.2020 жылғы жағдай бойынша 346 жолдама (Ақтау-160, Жаңаөзен-67, Түпқараған-30, Маңғыстау-15, Бейнеу-26, Мұнайлы-36, Қарақия-12) берілді.

Жолдама алған азаматтардың 84 банкке хабарласып, оның ішінде 35 адамның өтініші мақұлданды.

16.03.2020ж. бастап мемлекетімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы уақытша 11.05.2020ж. мерзімге дейін тоқтатылды.

2020 жылы облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй сертификатына 300,0 млн.теңге (Ақтау — 100,0 млн.теңге, Жаңаөзен — 55,0 млн.теңге, Түпқараған — 20,0 млн.теңге, Маңғыстау — 20 млн.теңге, Мұнайлы — 50,0 млн.теңге, Қарақия — 30 млн.тенге, Бейнеу — 25 млн.теңге) бөлінді.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ кейіннен сатып алу құқығымен пәтер алу туралы

Сонымен қатар, өңірге қажетті дәрігерлер мен мұғалімдердің тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында облыс әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында келісім жасалды. Қазіргі таңда, Ақтау қаласы 34 шағынаудан 58 пәтер қарастарылып отыр. Бүгінгі күні білім саласының – 17 қызметкері, денсаулық сақтау саласының – 10 қызметкері пәтерлеріне ие болды. Жұмыстар жалғасуда. (1 шаршы метрдің жалдау құны 1018,50 тг.)

«Жұмыспен қамтудың жол картасы».

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Маңғыстау облысына 144 нысанға 34 млрд. көлемінде қаржы бөлінді.

Бұл қаржыға 8 579 жұмыс орындары ашылуы тиіс. Талаптарға сәйкес жұмыс орындарының 50% жұмыссыздар орталығынан алынатын болады және орташа жалақы 2 төменгі жалақы көлемінен кем болмайды.

144 нысанның 26 нысаны өтпелі болып табылады және бұл нысандарда құрылыс жұмыстарын жандандыру шаралары жүргізілуде.

Жаңа нысандардың (118 нысан) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сәуір айының соңына дейін аяқтау үшін тиісті кесте әзірленді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ