Маңғыстаулық айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына толғау арнады

20 қараша күні Ақтауда ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мэлс Қосымбаевтың «Дүние тұрғанша тұр, Қазақстан!» толғау кеші өтті. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Кеш «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің музыкалық қойылымымен ашылды. Ақын Мэлс Қосымбаев 5 бөлімнен тұратын толғауды тоқтаусыз 1 сағаттан аса уақыт орындады. Шығармашылық кешке қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ақынның тәуелсіз еліміздің мәдениетіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.