МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МИКРОНЕСИЕ БЕРУГЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН 700 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Тұранқызы Мұстапаева мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының кәсіпкерлеріне микронесие беру мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 700 млн теңге бөлініп отыр.

«Ақтау қаласының кәсіпкерлері 8 мың АЕК-ке дейін, яғни 22 млн 224 мың теңге мөлшерінде, ал жаңаөзендік бизнес өкілдері 6 500 АЕК, яғни 18 млн 57 мың теңгеге дейін шағын несие рәсімдей алады. Бұл ретте мемлекеттен бөлінетін берешек қаражат жеке кәсіпкерге инвестиция немесе айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі» — деді В.Мұстапаева.

Шағын несиені қайтару мерзіміне тоқталсақ. Берешек қаржы — айналым қаражатын толықтырғысы келетін кәсіпкерге 3 жылға, несиесін инвестициялық мақсатқа жұмсайтын іскер азаматқа 5 жылға, сондай-ақ табысы аз немесе көпбалалы отбасы мүшелеріне 7 жылға беріледі.

Мұндажылдықпайыздық мөлшерлеме жеке кәсіпкер үшін 6%, ал табысы аз не көпбалалы отбасы мүшелері үшін 4% аспайды. Қаржыландыру саласы шектеусіз.

Қызықтырған сұрақтар бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-на, келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Ақтау қаласы, 16 ш/а «Қайсар» бизнес орталығы, 2 қабат. Тел:8/7292/30-43-42). Сонымен қатар, (8775 068 07 75Айтжан Темірханов)Ақтаужәне Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлік бөліміне (8701 452 96 73Әлия Жаңатаева)телефон шалып, кеңес ала аласыздар.

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ