Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша алғашқы орында
Маңғыстау облысы шаруашылығы саласының көрсеткіштері бойынша 2017 жылы бірінші орынға шықты. Мұны кезекті аппараттық жиын барысында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді. Сондай-ақ, басқарма басшысы ауыл шаруашылығы саласының 2018 жылы атқарылатын жұмысын жоспарлап, болашаққа бағдар жасады. Бұдан бөлек отырыста энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының биылға арналған іс-шаралар жоспары мен атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу мәселесі де талқыланды.
Өңірде ауыл шаруашылығы саласы ойдағыдай дамып келеді. Бұл бағытта былтыр республика бойынша 1 орынға шықтық. Басқарма басшысының айтуынша, аталған сала биыл да қарқынды дамиды. Себебі, шаруашылықпен айналысамен деушілерге жақсы мүмкіндік жасалуда. Нақтырақ айтса, биылдан бастап мал азығының 50 пайызы субсидияланады. 15 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, 570 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын қолжетімді көкөністермен қамтамасыз етіп, 60 құдық қазу жоспарланған. Айта кетсек, құдық қазуға жұмсалатын шығынның 80%-ы субсидияланады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақстатында да бірқатар шаралар қолға алынғанбақ.
—Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мал шарушылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды мақсатында кеткен шығындарының 50%-ын субсидиялау. Көкөніс өнімділігін — 11 тоннадан 12тоннаға, сиыр еті өнімділігін 0,6 тоннадан 0,8 тоннаға ұлғайту, қой еті өнімділігін — 3 тоннадан — 3,2 тоннаға, сүт өнімділігін — 11 тоннадан 11,3 тоннаға ұлғайту. Негізгі капиталға тартылатын инвестициялардың НҚИ 104,5 %, тамақ өнімдеріне 102,2 %, ірі қара мүйізді 35,0 %, ұсақ қара мал 47,8 % дейін үлесін арттыру, дейді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Елді-мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуда өңіріміз 64 пайызбен республика бойынша 6 орында. Салаға жауапты басқарма басшысының айтуынша, бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін өсуі мүмкін. Себебі, қазір бірқатар жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, облыс бойынша 2,1 млрд теңгенің 2 жобасы жүзеге асады. Тағы бір жаңалық. Өңірде жел және күн энергиясынан қуат алатын 3 станция салынады. Олар, Ақшұқыр, Батыр, Шетпе ауылдарынан бой көтеретін жобалар.
—1 кварталда іске қосады. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары бітті. Қондырғылар әкелінді. Жұмыстар жүріп жатыр, дейді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.
Өткен жылы өңір бойынша 1615 отбасы немесе 8052 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Биыл да осы үрдіс жалғасады. Жаңа форматтағы әлеуметтік көмекті сапалы енгізу үшін бұл тізімдегілер жіті зерттеуден өткен. Нәтижесінде бұрынғы әлеуметтік төлем алушылылар қатарынан 554 отбасы шартты ақшалай көмек және 416 отбасы шартсыз ақшалай көмек алады.
—Жаңа форматта арнаулы әлеуметтік көмекті алу межесінің өсуіне байланысты (40% тан 50%) ағымдағы жылы 1400 отбасы немесе 7000 адам шартты ақшалай көмек алуға келеді деп күтілуде. Орта есеппен алғанда бір отбасынан 1,4 % адам жұмысқа қабілетті деп есептеп, 1960 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бекітілген кешенді жоспарда осы аталған 1960 адамды нақты жұмыспен қамтудың нақты жоспарлары көзделді, дейді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Қуаныш Берішбаев.
Бұл жоспар ғана. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш еселене түсуі мүмкін.
Айман Нұрмағанбет