Маңғыстау облысында коммуналдық төлемдер үшін тарифтер төмендетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің МО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Көшекбаев Кенжеболат Қуандықұлы және МО тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаровтың қатысуымен өткен брифинг барысында мәлім болды.

МО табиғи монополияларды реттеу комитетінің МО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Кенжеболат Көшекбаевтың айтуынша, «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берілген тапсырмасын орындау барысында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді:

1) «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-ның Актау қ. тұрғындары үшін:

— жылумен жабдықтау қызметінің тарифі ҚҚС-сыз Гкал үшін 2 392,37 теңгеден 2 242,19 теңгеге дейін, яғни 6,28%-ға;

сумен жабдықтау қызметіне, соның ішінде:

— ауыз судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін с 199,88 теңгеден 188,19 теңгеге дейін немесе 5,85%-ға;

— ыстық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 180,14 теңгеден 171,52 теңгеге дейін немесе 4,79%-ға ;

-техникалық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 93,66 теңгеден 90,43 теңгеге, яни 3,45 %-ға;

2) су бұру қызметіне «Каспий жылу, су арнасы» ЖШС-ы Ақтау қ. тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифті 54,06 теңгеден 48,65 теңгеге дейін төмендетті, яғни 10 %-ға;

3) жылумен жабдықтау қызметіне «Озенжылу» ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін 2529,9 теңгеден 2276,87 теңгеге, яғни 10%-ға;

4) су бұру қызметіне «Озенинвест» ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 35,72 теңгеден 32,47 теңгеге дейін немесе 10%-ға;

5) жылумен жабдықтау қызметіне «МангистауЖылу» МКК-ы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының тұрғындарына ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін 2376,12 теңгеден 2138,5 теңгеге дейін немесе 10%-ға;

6) сумен жабдықтау қызметіне «Казводхоз» РМК-ы Басқұдық, Бекі ауылының тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 527,23 теңгеден 500,86 теңгеге немесе 1%-ға азайтты».

-Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге Департамент төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын,-деп мәлімдеді Кенжеболат Көшекбаев.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы