МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы және «ЕСМ Technologies» француз компаниясы 12 МВт сүн станциясы құрылысын салу жөніндегі хаттамаға қол қойды

????????????????????????????????????

 

Жасыл энергетиканың бірінші пилоттық жобасын Маңғыстау ауданының  Шетпе селосында салу жоспарлануда. Ол 2018 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілетін болады. Жобаны іске асыруға жергілікті тұрғындардан 70-80 адам қатыстырылып, сондай-ақ, қазіргі қолданыстағы станция жұмысына 50 манғыстаулықты оқыту жоспарлануда. Жобаға үш мемлекет: Қазақстан, Франция және Қытай елдері қатысады.1

— Технологияға француз компаниясы, құрылыс пен инвестиция тартуға қытай компаниясы жауап беретін болады. Бірінші кезеңдегі қаржы жұмсау 20 млн.доллар шамасында бағаланып отыр. Маңғыстау облысы кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ. Біріншіден, аймақ белсенді даму үстінде. Екіншіден, мұнда күн сәулесі белсенділігі жоғары. Оның үстіне қыс мерзімінде айтарлықтай қар жоқ. Бұл пилоттық жоба және қажеттілік өлшемі бойынша әрі қарай даму келешегі бар, — деп атап өтті «ЕСМ Technologies» француз компаниясы президентінің кеңесшісі Азат Бетекбаев.

????????????????????????????????????

 

Айман Оңғарбайқызы