Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдында есеп берді
Маңғыстауда индустрияландыру картасы аясында 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.
Мұнай-газ өндіруші және сервистік компаниялардың тұрақты қызметтерінің нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі жыл басындағы 96,9%-дан 100,1%-ға дейін өсті (бұл республикадағы өндіріс көлемінің 10%-ы немесе өңірлер арасында 2-көрсеткіш, өндірілген өнім көлемі 2,3 трлн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін артты.
2016 жылға қарағанда 17,6% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 3 мың бірлікке артып, 47 мыңға жетті.
2017 жылы Президент әкімшілігі тұңғыш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісін өткізді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 12-ші орыннан 2-ші орынға шықты.
Ауыл шаруашылығы секторында 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша бірінші көрсеткіш.
Азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі жоспарланған межеде сақталды – 106,4% (РК 106,5%. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі 106,7% (РК 107,4%).
Жыл басынан бері 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 4,9%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 5,1%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді.
2017 жылы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық (республика бойынша 3-орын).
Өткен жылы 7000 отбасы жаңа қоныстанушылар болды. Тұрғын үй алуға18 мың адам, жер алуға 166 мың адам кезекте тұр.
Жалпы алғанда барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 100% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын арнайы жобалар ерекше бақылауда. Жаңа өндірістерді орналастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. АЭА аумағы бойынша республикада үшінші орында.
Инфрақұрылымды құру үшін салынған 7 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражат өз тиімділігін көрсетті: 19 жоба іске асырылды, 95 млрд. теңге инвестиция тартылды, 260 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 23 млрд. теңге мөлшерде салық төленді. 1 323 жұмыс орны құрылды.
Өткен жылы әлеуетті инвесторлармен 20-дан астам кездесу өткізілді.
«Ел дағдарысқа қарсы менеджменттен орнықты дамуға көшуде. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы, Индустрияландыру бағдарламасы мен «Сандық Қазақстан», 2025 жылға дейінгі ел дамуының Стратегиялық жоспары, «100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» сияқты барлық қажетті стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды мақұлдады.Мемлекет басшысы атап өткендей, «Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет».Бұл экономикамыз әзірге мұнай секторына тәуелді болып отырған біздің өңір үшін де маңызды.
Сондықтан ең маңызды міндет — өңдеу секторын дамыту. Осы бағытта 5 %-дан (2015 жыл) 8%-ға (2017 жыл) дейін өсім бар. Өсім химия өнеркәсібінде, минералды өнімдер, пластмасса және тоқыма өнімдері, тазартылған өнімдер, машина жасау және металлургия салаларында байқалады.Біз қол жеткізген бағаны төмендетпеуіміз керек. Индустрияландыру картасы аясында облыста 45 жоба жүзеге асырылып, 395 млрд. теңге инвестицияланды.4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.Биыл 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ол 223 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Экономиканың барлық саласын, әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналды және тағы да басқа салаларын цифрландыруға көшіру мақсатында ағымдағы жылы Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарының 12 елді мекендерін кең жолақты интернетке қосу жұмыстары аяқталады. Қаржысы 100% шешілді.Қалған елді мекендер интернетпен толықтай қамтылған.
Облыста 2017 жылы 26 балабақша пайдалануға берілді, оның ішінде 25-і жеке инвестиция есебінен. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 93%. Жыл соңында бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
«Облысымызда туу көрсеткіші жоғары. Осыны ескере отырып, үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін жаңа мектептер салынуда. Биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға. Тағы да 3 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Олар – Ақшұқыр ауылында 600 орындық мектеп, Атамекен және Басқұдық ауылдарындағы мектептерге әрқайсысы 320 орындық қосымша ғимарат», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Облыста бір жылдың ішінде жаңа 12 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 27-ге жетті.
Іске қосылған ірі жобалар:
— Түпқараған ауданында жылына 650 мың тонна бөтелкедегі түйе сүтін өндеу «Ағарған» зауыты (2018 жылы жобалық қуатына толықтай енеді);
— Маңғыстау ауданында «Накхан» және Қарақия ауданында «Сенек» шаруа қожалықтарының қымыз өндеу цехтары (жалпы қуаты жылына 46 мың тонна);
— Ақтау қаласында голландиялық технологиямен жасақталған қуаты 1500 тонна көкөніс қоймасының 1-кезеңі (жалпы қуатты 3000 тонна, қазіргі таңда жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде).
Биыл тағы да 4 жобаны іске асыру жоспарланды:
— Ақтау қаласында салынатын қуаты 4250 тонна көкөніс қоймасы (МЖӘ арқылы);
— Қарақия (Сенек), Түпқараған (Ақшұкыр) және Мұнайлы (Басқұдық) аудандарында 2 мың тонна көкөніс өнімдерін өсіруге арналған 3 жылыжай.Қазіргі таңда өңірді өз көкөніс тауарымен қамту 10% болса, көрсетілген жобалар іске қосылған кезде бұл көрсеткішті 20%-ға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. 2017 жылы Маңғыстау облысында 20 кооператив құрылды.
МАҢҒЫСТАУДА ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ 92% ҚҰРАЙДЫ
Транспорттық инфрақұрылымның дамуына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң серпін берді. Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды.
Құрық портында паром кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды.2017 жылы теміржол паромдарыменжоспарланған540 мың тонна 1,5 миллион тонна жүк болып межесінен артық орындалды.
Автокөлік кешені толық қуатқа ие болды. Бұл жүк жөнелтуді 2,5 млн. тоннаға дейін арттырады.Қазақстан алғаш рет Азия мен Қытайдан Еуропаға тікелей шығатын жол салды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын бюджеттен 150 млрд. теңге бөлінбек. Ең алдымен олар жергілікті магистральдар желісін жөндеуге және қайта жаңартуға бағытталады. Осы мақсатқа биылғы жылдың бюджетінде 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
««Бейнеу – Шетпе», «Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолдарының құрылысы аяқталады. «Құрық-порт Құрық», «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы», «Жетібай-Жаңаөзен», «Ата жолы» жолдарының құрылысы жалғасады. Болашақта «Жаңаөзен – Кендірлі – Түркменстан шекарасы» және «Құрық-Жетібай» жолдарының құрылысы жоспарланды.», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Келесі жобалар жүзеге асырылады:
— 0-51 км учаскесінде «Ата жолы» реконструкциясының аяқталуы; «Қияқты-Тұщықұдық», «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе»
жолдарының 1-2-кезеңі, Қызан мен Жетібай ауылдарының ішкі жолдары;
— «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» (12 км)жолдардын қалпына келтіру жұмыстары басталады;
— «Шетпе-Қызан» тас жолының «Тасмұрын-Мәстек» участкесі (36 км);
— Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Баянды, Маңғыстау-4, Ақтау қаласының ішкі жолдары, сондай-ақ ХМГЗ басты жолы (83 км) ауылдық жерлердегі жолдарды салу бойынша жұмыстар жалғасады.
— «Шетпе-Үштаған», «Ақтау-Форт-Шевченко-Қаламқас кен орнында» (219 км), Тұщықұдық ауылының жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында барлық ауылсумен қамтылды.
Тұрғындарды орталықтандырылған ауызсумен қамтукөрсеткіші 64%.Бұл республикадағы ортаңғы көрсеткіштердің бірі (8-орын).
«Елбасының жаңа Жолдауында атап көрсетілгендей, ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға үкімет жыл сайын100 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлетін болады.Ағымдағы жылдың бюджетінде осы мақсатқа 4 млрд.теңге қарастырылды.Бұған қосымша республикалық бюджетті нақтылау барысында жаңа 16 жобаның іске асыруға 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді», — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Бөлінген қаржыға осы жылы Бейнеу ауданы Боранқұл, Сарға; Мұнайлы ауданы Басқұдық, Маңғыстау-4; Қарақия ауданы Бостан; Маңғыстау ауданы Жармыш, Жыңғылды ауылдарында ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталады.
Бейнеу ауданы Бейнеу, Есет, Толеп; Қарақия ауданы Жетібай, Сенек, Кұланды; Мұнайлы ауданы Маңғыстау 3 және 5; Түпқараған ауданы Ақшұқыр, Сайын, Таушық ауылдары сумен қамту нысандарының құрылысы басталады.
Осы жұмыстардың іске асуы облысты жыл соңында орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткішін 69%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Өткен жылы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының 1-кезеңі аяқталды. Бүгінгі таңда зауытқуаты тәулігіне 30 мың текше метр су шығаруға жетеді.
Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қазір Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы және Құрық ауылы сумен толықтай қамтылып отыр.Қазір зауыттың қуаттылығын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-кезең жұмыстары жүргізілуде (10,6 млрд.теңге).
Нәтижесінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында игерілетін 11 мың жаңа жер учаскелері сумен қамтылады.
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА 1 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ БӨЛІНДІ
Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны2018 жылдың бірінші айында 47,0 мың бірлікті құрады, бұл – 2016 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға көп (44,16 мың бірлік).
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы үшін 2017 жылға 1 110,3 млн. теңге жалпы сомасында қаражат бөлінді. Жыл ішінде осы бағдарлама шеңберінде 15,2 млрд. теңге жалпы сомасына 208 жоба қолдау тапты. Оның ішінде, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 15,1 млрд. теңге сомасына 152 жоба, кепілдендіру бойынша
101,8 млн. теңге сомасына 56 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 4036 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 1403 жаңа жұмыс орны құрылды.
01.12.2017 жылғы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банкетер шағын бизнес субъектілеріне 25,1 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар бөлді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп.
Халыққа микрокредит беру «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кредиттік серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда.
Барлық микрокредит ұйымдары мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ 2017 жылда 1,3 млрд. теңге жалпы сомасына 278 микрокредит беріп, нәтижесінде 632 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Ауылдық кәсіпкерлерді қолдаудың тағы бір құралы – шағын несиелер беру. Жыл басында осы мақсатқа бюджеттен 490 млн. теңге қаржы қарастырылды. Шағын несиеге кәсіпкерлер тарапынан сұраныстың көптігі ескеріле отырып, республикалық бюджетке қосымша тағы да 1,5 млрд.теңгеге өтінім беріліп, қолдау табылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 есе көп.Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек нарығын трансформациялау мақсатында біз ішкі резервтер есебінен «ДАМУ» қорымен бірлесіп қаржыландыру көлемі 2,7 млрд. теңге болатын «Нұр капитал» жобасын іске қостық. Жаңа жоба бойынша ауыл кәсіпкерлері 1% мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жергілікті бюджеттен 2017 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын көтеруді субсидиялауға – 58,5 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді қолдауға – 50,8 млн. теңге бөлінді.
Маңғыстау облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында 2017 жылы 70,7 млрд. теңге жалпы сомасына, жаңадан 419 тұрақты жұмыс орны құрылған 5 жоба пайдалануға берілді:
1) Электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуатты трансформаторларды жөндеу, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС;
2) «Ақтау Керамзит» ЖШС-нің Керамзит тасын өндіретін зауытының құрылысы («Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында);
3) Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (2-кезең);
4) «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС-нің Шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехының құрылысы;
5) Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең), «ҚазАзот» ЖШС.
Инвестициялар тарту және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында, 2017 жылғы сәуірде Ақтау қаласында отандық инвесторлардың, экономиканың түрлі салаларынан келген бизнесмендердің қатысуымен «Облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту» атты кездесу болып өтті.
Мамыр айында Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі, «Фин Бизнес Хабы» және Еуропа Қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен «Халықаралық ұйымдар үшін Маңғыстау облысын дамытудағы мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2017 жылғы шілдеде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның өңірлік өкілдігімен бірлесіп халықаралық көлік-логистикалық форум өткізіліп, оған Ресейдің, Әзербайжанның, Түркияның, Қытайдың, Грузияның, Американың, Ұлыбританияның, Италияның өкілдері қатысты. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері, Каспий транзит дәлізінің бірыңғай тарифі талқыланды. Форум қорытындысында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «А+А Group of Companies», «EnerMech» компанияларының арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға, Ақтау және Анаклия порттары арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.
АҚТАУДА ЗАҢСЫЗ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОЙЫН БИЗНЕСІ БОЙЫНША 61 ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың аймақ тұрғындары алдындағы 2017 жылғы есебі тыңдалды. 800-ге жуық адам қатысқан жиында Елбасының жолдауы мен бағдарламалық тапсырмаларының орындалуы және облыстың барлық сала бойынша даму көрсеткіштері баяндалды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан call орталық арқылы 60, зал ішінен 30 және электронды пошта мен бейне сұрақ арқылы барлығы 160-қа жуық сауал келіп түсті. Олардың қатарында жұмыспен қамту, ауыл
шаруашылығына арналған жер телімдерін бөлу, жер мен тұрғын үй кезегі, елді мекен арасындағы және ауыл ішіндегі жолдар және денсаулық салалары қамтылды.
Қала тұрғыны Қалыбай Аталықов облыстағы электр энергиясына қойылған тарифтердің басқа облыстарға қарағанда жоғары екендігін атай отырып, облыста тарифтерді түсіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сұрады.
«Елбасымыздың осы жылдың 9 ақпанындағы тұрмыстық қызметтердің тарифтерін төмендету бойынша өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына байланысты біз энергия өндіруші, таратушы және қамтамасыз етуші мекемелермен бірлесе отырып, Ақтау қаласына жақын орналасқан елді мекендерде электр энергиясына қойылған тарифтерді төмендету бойынша анализ жасадық. Нәтижесінде келесі шешімге келдік:
1. Өмірзақ ауылында және Шығыс-3 ш/а-да тариф 22,70 теңге/кВт.сағ көрсеткішінен 19,42 теңге/кВт.сағ-қа төмендетілді (айырмашылығы 3,28 теңге/кВт.сағ);
2. Приморский және Рауан тұрғын алабында 22,72 теңге/кВт.сағ-тан 19,42 теңге/кВт.сағ-қа төмендеді; (айырмашылығы 3,30 теңге/кВт.сағ), («АқтауЭнергоСбыт» энергия жабдықтаушы ЖШС алып тасталды).
Мұнайлы ауданы бойынша:
1. Дәулет және Қызылтөбе ауылдарында 20,88 теңге/кВт.сағ-тан 17,60 теңге/кВт.сағ дейін төмендетіліп (айырмашылығы 3,28 теңге/кВт.сағ); («МРЭК» энергия таратушы ЖШС алып тасталды).
Сондай-ақ, Елбасының 5 институционалдық реформасының 52 қадамын жүзеге асыру бойынша облыстық электр-жүйелік мекемелерін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Бұл электр көзімен қуаттандыру жұмыстарының сенімділігін арттырып, аймақтағы электр энергиясын өткізуге кететін шығындарды азайтып, қолданушыларға арналған бағаны төмендетуге септігін тигізеді», — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Кездесу барысында Ақтау қаласындағы №22 мектеп директорының орынбасары Тұрсын Хамитова жастар мәселесіне алаңдаушылық танытып, қаладағы букмейкерлік кеңселерге әкімдік тарапынан қолданылған шаралар туралы сұрады.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бұл сұраққа:
«2017 жылдан бастап 2018 жылдың ақпанына дейінгі аралықта ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған (арнайы тіркеусіз) жағдайларды анықтау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша әкімшілік сотқа 65 материал жіберілді. Осының негізінде 1 іс тоқтатылып, 4
іс сотта қаралуда және 61 іс бойынша жалпы сомасы 2 484 555 теңгеге айыппұл салынды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да белсенді атқарылады», — деп жауап берді.
Ақтау қаласының тұрғыны Ешманов Киікбай Шетпе ауруханасындағы жаңа туған нәрестелерді жасанды демалдыратын аппараттың жоқтығы туралы мәселені көтеріп, жаңа туған нәрестенің өміріне төнер қауіп көп екендігін айтты.
«Маңғыстау ауданындағы жұмыс сапарымда бұл сұрақ маған ашық қойылды. Осы мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырма бердім. Бірінші жарты жылдықтың ішінде бұл сұрақ шешімін табады», — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Дәрібаева Райхан есімді тұрғын Мұнайлы ауданындағы 5 елді мекеннің (Маңғыстау 1,2,3,4,5) атауы жоқтығын көтерді.
Қазақстан Республикасында көшелердің атын ауыстыру үшін бірнеше заң нормалары қарастырылған, соның ішінде 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХІІ «Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориалдық бөлінісі» заңы бар. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов осы заңның аясында халық пен Қоғамдық кеңес ұсынған атауларды қарастырып, онамастикалық комиссияға ұсынылатынын айтты.
Сондай-ақ, Фарид Сейітұлы атты тұрғын «12 шағын ауданда «Мұнайшы» стадионы бар. Оған 11,12,13 және 14 шағын ауданның балалары секцияларға қатысады. Енді қазіргі таңда осы стадион сатылып, орнына бизнес орталық салынады деген сыбыс шығып жатыр. Жаңадан салынып жатқан спорт кешендеріжоқ емес, бар. Бірақ көпшілігі қаланың шетінде. Оған қатынау қиын болып кетеді. Сондықтан осы сыбыстың шын не жалған екенін білгім келеді», — деді.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті спортшыларды қолдау шараларына басты назар аударылып жатқандығын айта келіп, стадионның сатылмайтындығын жеткізді:
«Біздің футболшылар басқа облыстарда ойнап жүр. Аймақтағы спорт саласын дамытқымыз келсе, бізге осы мәселелерді шешу керек. Сондықтан қазір кәсіпкерлермен келісіп, 80 млн. теңге қаржыға стадионның футбол алаңын жасау жұмыстары қолға алынады».
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі