МАҢҒЫСТАУДА ОНЛАЙН «ОТЖИМ ПАТИ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ
Бұл туралы МО қоғамдық коммункация орталығында өткен брифингте МО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев хабарлады.
Аймақта кеудені көтеру жарысымен қатар отырып тұрудан да онлайн сайыс өтеді. Бұл жарысқа облыстың кез-келген тұрғыны қатыса алады. Олар ұялы телефондарына жаттығуларын түсіріп, бейнежазбаларын арнайы жарыс үшін ашылған whatsap чатына салады. Whatsap нөмірі мен жарыстың ережесі алдағы дүйсенбіде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметітк желілердегі ресми парақшаларына жарияланады. Whatsap-қа түскен бейнежазбаларды Әділбек Ниязымбетов бастаған Әлем және Қазақстанның спорт жұлдыздары бағалайды. Ең көп әрі техникалық талапқа сай жасалған жаттығу иесі жеңімпаз атанады.
20-23 сәуір аралығында жарысқа қатысушыларды іріктеу жүреді. 24 сәуір күні жеңімпаздардың аты-жөні белгілі болады.
Қос сайыстың жүлде қоры 200 мың теңгені құрап отыр. 1-ші орынға 50 мың теңге, 2-орынға 30 мың, 3-орынға 20-мың теңге ақшалай сыйлық беріледі. Осылайша түрғындар үйде отырып, спортпен шұғылданып әрі қаржылай сыйақыға ие болады. МО спорт басқармасы басшысы Нұрбек Қарабалаевтың айтуынша, халық тарапынан онлайн жарысқа сұраныс көбейген жағдайда, сайыс жоспары кеңейтіліп, жалғасады.
МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ