Маңғыстаудағы итбалықтардың жаппай қырылуының себебі белгілі болды

Ғылыми орталық мамандары молекулалық-генетикалық талдау жүргізіп, жануарлардың миы мен өкпе тіндерінен вирус анықтады.

«Барлық сынамада вирус болды. Бұл – вирус нейроинфекциясы. Жануарлардың миынан вирус анықталуы, оның аурудың жалғыз себебі екенін дәлелдейді,» – деді Айдын Қыдырманов.

Оның айтуынша, бұл вирус инфекциясы иммундық тапшылықтың кезеңінде дамиды. Бұл әлі ғылым толық зерттелмеген және теңіз сүтқоректілеріне тән ауру.

Айта кетейік, 2024 жылдың қазан-қараша айларында Түпқараған және Қарақия аудандарының аумағында шамамен 2000 өлі итбалық табылған.

 Stan.kz