Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есеп берді.

-6 айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері тұрақты. Бүгінде аймақ халық санының өсуі бойынша екінші орында. Жыл сайынғы өсім 3%-ды құрап, бүгінгі таңда облыс тұрғындарының саны 634 мың адам болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 875 млрд.теңгені, ал нақты көлем индексі 97,6%. Соған қарамастан, облысымыз республикада өндірілген өнімнің 11%-ын қамтамасыз етті. Мұнай өндіру көлемі 9 млн. тонна, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 315 мың тоннаға аз. 1,4 млн.шаршы метр газ өндіріліп, өсім 14%-ға артып отыр. Ағымдағы жылда өндіру көлемі 17%-ға өсіп, 60 млрд. теңгені құрады. Бұл өсімді «Caspian Offshore and Marine Construction», «ЕРСАЙ», «ГММОС Казахстан», «Казазот» және «Стеклопластикалық құбырлар зауыты» сияқты кәсіпорындар қамтамасыз етті, деді аймақ басшысы.

Осы жылы Бейнеу ауданының Төлеп ауылында 40 орындық балабақша,  Бейнеу ауылында су тазарту ғимараты мен ауылішілік су құбыры, 4 пәтерлі тұрғын үй және ауылішілік жолдар құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында Бейнеуде 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі.  «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» тас жолдарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

   00908   00884

Қарақия ауданының бюджет көлемі 12 млрд. теңге. Ауданда бірнеше ірі жобалар іске асырылуда. Соның ішінде, Болашақ стансасында 2 пәтерлі 5  тұрғын үй құрылысы, Құрық және Бостан ауылдарындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр және газ желілерін тарту; 4 бірлік кәріз тазалау тораптарын орнату; аудан орталығында 550 орындық жұмысшылар жатақханасының және Жетібай ауылында ауылішілік автомобиль жолы мен 280 орындық балабақша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Маңғыстау ауданында 65 орындық 1 балабақша қолданысқа берілді. Оңды, Ақшымырау, Жармыш, Тұщықұдық, Жыңғылды ауылдарында 4 пәтерлік тұрғын үй және Жармыш ауылында дренаж құрылысы аяқталып қалды.

Шайыр, Сайөтес ауылдарында ауылішілік автомобиль жолы құрылысы және «Шетпе-Қызан» жолы құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр.

Түпқараған ауданының бюджеті соңғы 3 жылда 2 есеге өсіп 9 млрд. теңгені құрады. І жартыжылдықта 150 орындық 3 балабақша іске қосылды. Ауданның Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдары қарқынды дамуда. Осы ауылдарда жаңадан салынған тұрғын үйлерді электр және газбен қамту, ауылішілік су құбыры мен резервуар, сондай-ақ ауылішілік жол құрылысы жұмыстары іске асырылып жатыр.

????????????????????????????????????

Табиғи өсім мен миграция есебінен Мұнайлы ауданы қарқынды дамып келеді. Мектептерде үш ауысымды оқытуды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл мәселе аудан әкімдігі тарапынан бос орындары бар мектептерге автобустармен балаларды жеткізу арқылы шешіліп келеді. Биыл аудан бойынша 1-ші сыныпқа 3200 бала барады. Үстіміздегі жылы Мұнайлы ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Батыр ауылының «Емір» шағынауданында үйлердің инженерлік желілері; Маңғыстау, Батыр, Атамекен, Басқұдық және Баянды-3 ауылдарын орталықтандырылған сумен және газбен қамту жұмыстары; Қызылтөбе, Жаңа Дәулет, Батыр, Маңғыстау, Баянды ауылдарында ауылішілік жол және Маңғыстау ауылында 10 автономды жылу қазандығының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

002Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағдарламаның іске асырылуынан бастап, қаржыландырудың барлық көздері есебінен қаланы дамытуға 49 млрд.тенге бағытталған. Нәтижесінде қалада және оған қарасты елді мекендерінде жаңа әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар салынды. Жылу, су, газ, электр желілері жаңартылып, біртіндеп автомобиль жолдары салынып жатыр. Жыл сайын жаңадан салынған спорт және аула алаңдарының саны артып келеді.

Облыстық мәслихат депуттары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысына  оң баға берді.

Айман Оңғарбайқызы