Маңғыстаулық бір топ ұстаздар қауымы баспаналы болды
ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. ¤Министр Шахмардан Есенов атындағы университті аралады. Жоғары білікті ұстаздармен, профессорлық құраммен және студенттермен кездесіп, Елбасы жолдауындағы міндеттердің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, еліміздің бас педагогы университет ұстаздарына берілген үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Университет ұстаздарына арналған баспана 32 «А» шағын ауданда орналасқан. 75 пәтерлік. Жоба құны — 550 млн теңге. Үй құрылысы жоғарғы оқу орнының бюджеті есебінен салынған. Еліміздің бас ұстазы қатысқан шарада 10 педагог пәтер кілтін алды.
—Облыс бойынша өткен жылы 1300 ұстазға үй мәселесін шешіп берген болатынбыз. Бұл біздің азаматтарымызды қолдаудың үлкен белгісі деп білемін. Бүгін жақсы жаңалық болып жатыр. ЖОО деген жә балаларымыздың жәй балалардың келіп оқитын жері емес. Бұл Қазақстанның болашақтары тәрбиеленетін жер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында педагогтар алдында білім беру мен ғылымды дамыту бойынша нақты міндеттер қойылғаны баршамызға мәлім. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғаш рет облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім — жасыл мекенім» атты жобасын іске қостық. Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулалары көгалдандырылатын болады. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба меценаттар тарапынан қолдау тапты, — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Баспана барлық керек-жарағымен қамтылған. 2 бөлмелі пәтер алып, көңілі көкке көтерілгеннің бірі, Бауыржан Бішімбаев. Тұрмыс жағдайымды елеп-ескерген жандарға алғысым шексіз, дейді ол.
—Мен бұл үйді 2 жыл күттім. Бүгін көпткен күткен қуанышым орындалды. Бәрінен де отбасым қуанышты. 2 бөлмелі пәтер алдым. Барлығына рахмет, дейді Бауыржан Бішімбаев — Ш. ЕСЕНОВ атындағы КМТИУ әскери кафедрасы басшысының м.а.
Содан соң, министр университет оқытушыларымен кездесіп, Елбасының биылғы жолдауындағы 7 міндетті талқылады. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Қазір біздің алдымыздағы басты мақсаттың бірі, Қазақстанды — Орталық Азиядағы білім беру орталығына айналдыру мәселесі тұр. Бұл жолда аянбай еңбек етуіміз керек, деді министр. Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы кітап мәселесіне де ерекше көңіл бөлетінін айтып, бұл мақстата бірқатар шаралар қолға алынғандығын жеткізді.
—2019 жылы нөлінші сынып оқушыларына, атап айтқанда 400 мыңға жуық балаға жаңа кітап басып шығарамыз. Егер латын ғарпіндегі ережелер дайын болса, жасап береміз. Елбасы Жолдауындағы көрсетілген міндеттердің арасында білім саласына арналған бірқатар тапсырма бар. Әрине оның бәрін ұйымдастырып, орындау үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру керек. Міне бүгін де оларға көрсетілген қамқорлық пен ілтипаттың куәгері болып отырмыз. Жаңа қонысты болған ұстаздарды министрліктің атынан құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!, — деді құттықтау сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік бағдарламаларда сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұған дәлел «Балапан» бағдарламасы. Былтыр осы жоба аясында ел бойынша 700-ден аса балабақша ашылған.
—Былтыр «Балапан» бағдарламасы аясында ел бойынша 770 балабақша мен мектепке дейінгі орталықтар ашылды. Оның 95 пайызы жекеменшік. Осы жүйені мектептерге де жасау қажет, дейді еліміздің бас ұстазы.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептер 90% кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың соңына дейін интернетпен қамту мәселесі толықтай шешіледі. Министрлік тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өтіп, жергілікті бюджет қаржысына 300 ауыл мұғалімі ағылшын тілін меңгеруде. Қаңтар айынан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде кәсіпкерлік негіздері жаңа жобасын басталды.
2019 жылдан бастап білім саласында біршама өзгерістер орын алады. Атап айтқанда, жаратылыстану-математика бағытындағы кейбір пәндер ағылшын тілінде өткізіледі. Оның ішінде 10-11 сыныптарға 1 сабақ міндетті түрде ағылшын тілінде жүреді, дейді министр.
АЙМАН НҰРМАҒАНБЕТ