Маңызды мәселенің бірі-Луговой ауылындағы темір жол өткеліне аспалы көпір салу
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы теміржол өткелі 1929 жылы салынған.
Аталған өткелмен Луговой ауылының солтүстігінде қоныстанған 4000-ға жуық тұрғын, 2 мектеп пен 1 балабақша қызметкерлері, Луговой әскери гарнизонындағы 1000-ға жуық әскерилер, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнындағы 300 қызметкері күнделікті ауыл орталығы мен аудан орталығана келу үшін осы өткелді пайдалануда.
Аудандағы 8 елді мекендегі 5 125 тұрғындар да осы өткелмен жүреді.
Сондай-ақ, бұл өткелмен облыстық мәндегі Луговой-Тәтті автожолы арқылы тәулігіне 1500-ге жуық көлік өтеді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалыстарын жеңілдету мақсатында Луговой ауылындағы темір жол өткеліне аспалы көпір салу бүгінгі күнге маңызды мәселе болып отыр.