Маңызды шешім

Джон Д. Рокфеллер өз кезінде әлемдегі ең бай адам және ең алғашқы миллиардер болған еді…
25 жасында ол АҚШ-тағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірін басқарды, ал 31 жасында ол әлемдегі ең ірі мұнай өңдеуші болды…
38 жасында ол АҚШ-та өңделген мұнайдың 90%-ын өндіретін…
Сонымен 50 жасында ол әлемдегі ең бай адам болды…
Оның бүкіл өмірі, шешім қабылдауынан бастап қарым-қатынасқа дейін тек өзіне күш пен байлықты пайда болдыруға бағытталған болатын…
Алайда, 53 жасында Рокфеллердің денсаулығы кенеттен қатты нашарлайды…
Оның қатты ауырғаны сонша, шашы түгел түсіп, сұйық сорпа мен быламықтан басқа ештеңе өңешінен өтпейтін қалге жетіпті…
Аса мол байлығы болса да ол қиын жағдайға тап болды…
Дәрігерлер оны енді бір жылдан артық өмір сүре алмайды деп болжаған…
Дүние жалғанмен бетпе-бет келген Рокфеллер үлкен күйзеліске ұшырады…
Шексіз байлығын өзімен бірге алып кете алмайтынын біліп, мына жалғанның ешбір мәнсіз екенін түсінді…
Сосын ол маңызды шешім қабылдады…
Заңгерлері, бухгалтерлері, менеджерлерін шақырып, байлығын ауруханаларға, ғылыми зерттеулерге және қайырымдылыққа жұмсағысы келетінін мәлімдеді…
Оның бұл шешімі пенициллинді және безгек, туберкулез, дифтерияны емдеуге арналған маңызды медициналық жаңалықтарды қаржыландыратын «Рокфеллер Қоры»-ның құрылуына себеп болды…
Таңқаларлығы, Рокфеллер осылай бере бастаған кезден оның денсаулығы күрт жақсара бастады…
Ол 53 жасында өледі деп болжанғанымен, 98 жас жасады…
Рокфеллер байлығының көп бөлігін басқаларға беру арқылы ризашылық пен қайырымдылықтың күшінің ғажайып сырын ашты…
Бұл әрекеті оны сауықтырып қана қоймай, оны толық және тұтас етті…
Өмірінің соңғы жылдарында ол күнделігіне:
«Бәрі Құдайға тиесілі, ал мен тек ғана оның тілегін орындайтын арна екенімді Құдай маған үйретті…
Менің өмірім жұмыс пен ойындарға толы ұзақ және бақытты саяхат болды…
Мен уайымдауды доғардым, Құдай маған күн сайын жақсы қарады», — деп жазды…
(Джон Дэвисон Рокфеллер 1839. 07. 08-1937. 05.23 жж)