МАРАПАТ
Ағымдағы жылдың 20-шы қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы әділ әрі абыроймен және сайлаушылардың азаматтық белсенділігімен өткені белгілі.
✅Ел өміріндегі маңызды саяси науқанның нәтижесінде Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым дауысын иеленіп, айқын жеңіске жетті.
✅Күні кеше ғана Астана қаласында Президенттің ресми түрде қызметке кірісуіне арналған ұлықтау рәсімі де өткізілді.
Маңызды саяси науқан саналатын Президент сайлауын өткізуге және ұйымдастыруға ел өңірлеріндегі барлық аумақтық сайлау комиссиялары мен сайлау учаскелерінің өкілдері белсенділікпен атсалысқаны анық.
✅Осыған орай бүгін 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысына арналған жиын өтіп, саяси науқанның өз деңгейінде өтуіне белсенділікпен атсалысқан бірқатар азаматтарға марапат тапсырылды.
Мұртаза Жалғас, Жуалы ауданының әкімі