МАРАПАТ

Астанада су шаруашылығы саласының мамандарын мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Республика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды.
Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 8 адам «Құрмет» орденімен, 2 қызметкер ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 13 маман «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «Су шаруашылығының ардагері», «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілері мен Су ресурстары және ирригация министрінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» табысталды.
Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды. Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорынында 67 сушылар әулеті жұмыс істейді.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі