Марапаттау рәсімі

Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған марапаттау рәсімі болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Болат Сағымбеков, “Аmanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, Қазақстан Фермерлері Қауымдастығы Жамбыл облыстық филиалының директоры Дулат Сұлтанбеков, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері мен ардагерлері қатысты.
Жиында Бақыт Алпысбайұлы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін өздерінің кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ауыл шаруашылығы саласында елеулі жетістіктерге жеткен қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарындағы диқандық Әзімбек Ойықбаевқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің “Еңбек ардагері” медалі, “Молдебек” шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Сапарбековке ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы, “Береке” ауыл шаруашылығы кооперативінің директоры Қонысбек Сүлейменов пен “Тазабек-Досжан” шаруа қожалығының жетекшісі Меруерт Бейсенбековаға Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, “Таraz VipServicc” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шахрух Құрмановқа Алғыс хаты, “Яшар”, “Түймекент -2030”, “Тілекеев”, “Күнбасов Мұрат”, “Түймекент-2019”, “Арай” шаруа қожалығының жетекшілері, кооператив директоры, механизатор Анзор Бешли-Оглы, Азимхан Биназаров, Нұрхалық Тілекеев, Мұрат Күнбасов, Ауесжан Қалабаев, Мұхамеджан Ақбаевтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы тапсырылды.
Бұлардан басқа да еңбек озаттары аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық мәслихаттың грамотасы, “Аmanat” партиясының Құрмет грамотасына ие болды.
Ал “АспанАгро” және “Ақжол-7” шаруа қожалықтарының жетекшілері Саха Манатов пен Бағдат Момыновтың кеудесіне Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының “Үздік фермер” төсбелгісі тағылса, аталған қауымдастықтың Құрмет грамотасы “Есенбаев” жеке кәсіпкерлік жетекшісі Марат Есенбаевқа табысталды. “Ерлан” шаруа қожалығының жетекшісі Ерлан Рыскелдіұлы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Алғыс хатын иеленді.
Басқа бірнеше үздік шаруа қожалықтары мен жекелеген еңбек озаттары марапатталды.