МАРАТ МАРҚҰМНЫҢ МАҚАМДАРЫ
1. Барлық дам-дамай астыртын қырық пышақ қырқыс әркімнің өз орнына отырмауынан туындайды.
2. Не жеңгенін, не жеңілгенін білмейтін адаммен алыс па!
3. Ешкімде біреуді сүйіп шаршағысы келмейді, тек сүйіктісі болғысы келеді.
4. Тоқтау судай ағынсыз өмір түрменің бір түрі. Оны бұзып-жарып шығуға күшің не ақылың жетпейді, тек ішуге ғана шамаң жетеді.
5. Күнделікті ұсақ кикілжің аурудың ең қауіпті түрі.
6.Құлақ есту үшін емес, естігенін миға жеткізу үшін жаралған.
7. Өзін зорлап-қорлағаны үшін рахмет айтатын халықты алғаш көруім.
8. Мықтылармен және туысқандармен алыстан сыйласқан жөн. Мықты — сен жақындағанда құл болу үшін келіп қалды деп ойлайды. Туысың — тек жақсылық істеуге тиіс деп ойлайды.
9.Адамның ақылы шектеулі — ақылсыздығы шектеусіз.
10. Бүкіл күрес — адамды және оның рухын азат ету.
11. Саған жау адам сені іштей салыстырып қарап отырады.
12. Бір адам маңына өзінен қабілеті төмен адамдарды жинай бастаса, ол шіркін лидер болуға әзірленіп жүргені.
13. Қысқа сөйлегің келсе — ұзақ ойлан.
14. Барлық тамаша бір күндік — азап мәңгілік.
15. Тобыр — қайда жүрсе көсемді содан ізде.
16. Бұл дүние де көңілі қалған адам — не өзі құл болып, не басқаны құл етіп тынады.
17. Ақымақпен алысу өзіңді сол дәрежеге жеткізу.
18. Қызғаныштың қай түрі болсын келешекте өзіңе үйіріліп келер жақсылықтың алдын кесу.
19.Еркек шіркіндердің ой деңгейі көбінде әйел төсегінен аса бермейді.
20. Қазіргі толқын зиялы да, игі де емеспіз, біз тек дүмпілез дипломды шала сауаттымыз.
21. 32-33 жыл бізге ашқарақ, ал 37-38 жыл ішінде ит өліп жатқан жымысқы ұрпақты тәрбиелеп үлгерді.
22. Саналы пенденің сыбағасы мейілінше азап шегу және сол қылбұрауға барынша төзу.
(Жас Алаш газеті. «Тентек тіркестер» 1994 ж. 15 маусым)