Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды
Бұл қуанышты жаңалықты қоғам белсендісі Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желіде бөлісті.
Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға ие болды. Олар қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға шексіз алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл қуанышты жаңалықты қоғам белсендісі Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желіде бөлісті.
«Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың анасы Перизаттың өміріне сенім сыйлаған барша жанашыр азаматтарға алғысымыз шексіз. Қиын сәтте қолдау көрсету – әрқайсымыз үшін маңызды. Біз бұл отбасының жалғыз еместігін көрсеткіміз келді,» – деді ол.
Өз кезегінде Перизат Нұрымова да барша жанашыр жандарға ризашылығын білдірді.
«Үлес қосып, бізге көмектескен барша халыққа алғыс айтамын,» – деді ол.
https://aikyn.kz/281443/mark-u-m-sherzat-polattyn—pkesi-perizat-nu-rymovanyn—otbasy-baspanaly-boldy