МАСАНШЫ АУЫЛЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Буларов Хусеин Баширович 

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 02 мамырдағы № 45 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 

Буларов Хусеин Баширович 1987 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келген.

Ұлты-дүнген.

Білімі-жоғары. 2009 жылы  Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетін «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласы  «ТГВ строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шебер  болып бастаған.

2015-2020 жылдары Қордай ауданы Масаншы  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2020-2023 жылдары Қордай ауданы Масаншы  ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызметтер атқарған.

«AMANAT» партиясының мүшесі, партия атынан ұсынылған үміткер. 

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.