Мәселелер талқыланды
“AMANAT” партиясының аудандық мәслихат депутаттық фракциясы мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға депутаттық фракция мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, аудан әкімінің орынбасары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша “Ауыл аманаты» жобасының орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары және ауылшаруашылық бөлімі, екінші мәселе бойынша «Орман және дала өртінің алдын алу туралы Сарысу ормандары жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің директоры Данияр Башенов, үшінші және төртінші мәселелер бойынша “Ауыл -Ел бесігі” бағдарламасының орындалуы мен «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдардағы «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы И.Тілікова баяндама жасады.
Жиында баяндамашыларға тиісті сұрақтар қойылып, алдағы атқарылатын жұмыстар нақтыланды және тиісті шешімдер қабылданды.