МӘСЕЛЕНІ ЕШҚАШАН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРМЕ!
Профессор кезекті сабағын қолына бір стакан су алып, студенттерге келесі сұрақтарды қоюдан бастапты:
-Қолымдағы кесенің салмағын білетін адам бар ма?
Оқушылар, — 200 граммға жуық! 300! 400! -десіпті.
-Жақсы. Оның салмағын мен өзім де нақты білмеймін. Енді негізгі мәселеге көшейік. Егер мен бұл кесені созылған қолымда 2 минут ұстасам не болады? — деп сұрады профессор.
-Ештеңе болмайды.
-Екі сағат ұстасам?
-Қолыңыз талады, бұлшық еттері сіресіп қалады.
-Ал мен кесені күні бойы ұстап тұрсам, салмағы өзгере ме?
—Жоқ, өзгермейді.
— Онда мен қолдарымды ұйытпау, саусақтарым сіресіп қалмауы үшін үшін не істей аламын?
— Ол үшін кесені жай ғана үстелге қоя салу керек,- деп оқушылар шуылдапты
— Иә, дәл солай! Балалар! Естеріңе сақтап алыңдар. Өмірде кездесетін қиыншылықтарға да дәл осылай қарау керек. Проблема шыға қалса 2 минут ойлан. Мәселе қалпында тұр. Егер 2 сағат бойы ойласаң, мәселе сені өзіне тарта бастайды. Ал күні бойы ойлансаң денсаулығың нашарлайды. Ұзақ ойланғаныңмен проблеманың «салмағы» өзгермейді. Керісінше, ол өсе береді. Сондықтан, бұл жағдайдан шығудың жолы — әрекет екенін түсініңдер. Қарапайым, уақтылы жасалған әрекеттер ұзақ мерзімді мәселелерді шешеді. Барлығын жай ғана қабылдап, проблеманы кейінге қалдырмай шеше білу керек. Әйтпесе, ол мәселе сені толық жұтып қояды,-деп ақыл айтқан екен.