Мәслихат депутаттарының ұсыныс-тілектері назардан тыс қалмайды
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен қала әкімдігінің мәжіліс отырысы өтті. Жиын барысында Тараз қалалық мәслихатының депуттары тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстар талқыланды.
Халық қалаулылары көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату, қоғамдық көліктердің қызметі сынды өзекті мәселелерді көтерген.
Шаһар басшысы өз кезегінде айтылған мәселелер аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
– Мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлері біз үшін өте маңызды. Солардың тарапынан көтерілген көптеген мәселелер қаламыздың үш жылдық жоспарына енгізілген. Соған сәйкес бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады. Алдағы уақытта да халық қалаулыларымен бірге облыс орталығындағы түйткілдердің түйінін тарқатарымызға сенімдімін. Бұл шаһарымыздың дамуына да оң әсерін тигізеді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Предложения депутатов не останутся без внимания
Сегодня под председательством акима города Тараза состоялось заседание акимата. На нем обсуждены вопросы и предложения, поступившие от депутатов городского маслихата.
Народные избранники поднимают такие проблемные вопросы, как ночное освещение улиц, ремонт дорог, установка автобусных остановок, работа общественного транспорта.
Аким города заявил, что все поднятые депутатами вопросы и предложения не останутся без внимания исполнительной власти.
— Пожелания депутатов для нас важны. Многие поднятые ими проблемные вопросы вошли в трехлетний план развития города. Так что они будут непременно поэтапно решаться. Я надеюсь, что и в дальнейшем мы будем совместными усилиями работать над решением важных проблем развития областного центра, — сказал Бакытжан Амирбекулы.
Тараз қаласының әкімдігі