Математик, академик Асқар Жұмәділдаев: қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері міндетіне адал қарайды
Қазақстанда 3 мың мектеп бар. Түрік лицейлерінікі 28 мектеп бар жоғы. Осы жерде мен бір-ақ критерии айтайын. Егер олимпиада жеңімпаздарын санымен есептесеңіз, тәуелсіз қазақстандағы жеңімпаздардың жартысы осы қазақ-түрік лицейлерінің тәлімгерлері. Қал-ғандары жоғарыдағы 3 мың мектептен шығады.
Себеп, біріншіден қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері міндетіне адал қарайды. Жалақысы көп шығар дегіңіз келсе айтайын, біздің мұғалімдермен шамалас. Екіншіден, бұлар да ұят, ар дейтін ескірмеген ұғым бар. (Өйткені, сіз, балаларға сабақ беріп отырып, оларды алдасаңыз, қулыққа барсаңыз не болады? Олар ондайға бармайды). Осы екі нәрсе, Ұят пен Ар, түрік лицейлерінің атағын аспандатып тұр. Оқытылып жатқан математикасы, физикасы, өзге де пәндері біздікімен бірдей. Сонымен қатар сабақ беріп жатқан мұғалімдердің 90 пайызы қазақтар. Түрік ағайындар 10 пайыз төңірегінде. Бірақ, бұлар алғашқы планканы, межені сақтап қалды. «Тәртіпті бұзбаңдар, кәсіптеріңе адал болыңдар» деген принцип бұлжымай тұр.
Егер қазақтың кейбір мектептеріне барсаңыз, олар сабақ өткізудің орнына сылтау айтады. Тақта жоқ, бор жоқ, компьютер жоқ, оқулық жоқ деп қара аспанды төндіреді. Бір кереметі түріктер ондай сылтау айтпайды. Жоқ болса шулатпай-ақ іздеп табады. Қазақша материал керек болып, оны таба алмаса, жоғарыға арызданбай-ақ өздері аударады. Осының өзі олардың қызметтеріне деген адалдығын көрсетеді.
Ең алғашқы қазақша-ағылшынша сөздікті де осылар жасады. «Нұр Орда» деген мектебіне кіріңізші, іші-сырты түгел қазақша. Сүлеймен Демирелге барсаңыз да, атаудың бәрі қазақша-ағалшынша. Орысша қосымша ретінде ғана көрініс береді. Сондай-ақ, түрік мұғалімдерін көріп, қазақша жөн сұрасаңыз бәрі дерлік қазақша жауап береді. Неге олай? Бұл адалдық!