МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ — АУДАНДА
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаты – әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы
Тау Нұргүлдің Жамбыл ауданында іс-сапармен болды.
Мәжілісмен алдымен аудан орталығындағы «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығында болды.
Орталық директоры Салтанат Құрманова 1400 балаға арналған орталықта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде таныстырды.
Мұнда балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін, дағдыларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру мақсатында техникалық үлгілеу, әуе үлгілеу, кеме үлгілеу, автокөлік ісі, робототехника, қызықты математика, тағам дизайны, аспазшы кондитер, жас суретші, саздан бұйым жасау технологиясы, стоп кадр студиясы, ағылшын тілі, сөйлеу шеберлігі, жас биолог-эколог, химия, киім үлгілеу және этнодизайн, алғашқы медициналық көмек көрсету үйірмелері жұмыс жасайды.
Мүмкіншілігі мол орталықтың жұмысымен етене танысқан депутат оқушыларды мұндай орталыққа тарту керектігін айтып, сапалы білім берудің екпінділігіне тоқталды.
Мәжіліс депутаты Тау Нұргүлдің ауданымызға жұмыс сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық білім бөлімінің басшысы Зәуре Абдирасилова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Құтжан бірге жүрді.
Жамбыл ауданы әкімдігі