«Мечта» сауда үйі ашылды

Павлодар қаласының Усолка шағын «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкенінің ашылу салтанаты болды. Бұл облыс орталығында «Мечта» сауда желісі бойынша іске қосылған екінші нысан.

Жаңа сауда нысанының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Арыстан Кенжалинов қатысып, тұрғындарды құттықтады. «Мечта» сауда желісінің филиал директоры Рүстем Ергашовтің айтуынша, жаңа ашылған сауда үйінде тауарлар төрт күн бойы жеңілдетілген бағамен сатылатын болады. Сонымен қатар, әрбір жүзінші тұтынушыға смартфон телефондары сыйға беріледі.

— Павлодарда «Мечта» сауда үйінің екінші нысанын салатын орынды таңдау кезінде көп ойландық. Кейін осы Усолка шағын ауданына тоқталған едік. Тұтынушыларды өзімізге тарту мақсатында бірқатар жеңілдіктер жасадық. Сатып алушылар кез келген тауарды пайызсыз бөліп төлеу жолымен алуға болады. Тауарларды рәсімдеу үшін бірнеше банкпен келісімшартқа отырдық, банк қызметкерлері тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге әзір. Сонымен қатар, қазір бізден зат сатып алған адамдардың барлығына кэшбэк беріледі. Оны екі аптадан кейін басқа бір тауар сатып алу кезінде бонус ретінде қолдана алады.  — дейді Рүстем Ергашов.

Жаңа ашылған сауда үйі 30-дан астам адамды жұмыспен қамтыды. Болашақта жұмыс күшінің ұлғайуына байланысты тағы қосымша мамандар тартылатын болады.

Тілеуберді Сахаба