МЕДАЛЬСІЗ ҚАЛҒАН КІМ БАР.

Жылқышы Жылқайдаров хабарласты.
-2018 жылдан саясатқа кетем. Аудан Әкімінің қонақтарына спонсор болып шаршадым. ОблМаслихатқа депутаттыққа түсем, орын босады. ОблМаслихат депутатынан аудан әкімі спонсорлыққа ақша сұрап ауыздықтай алмайды екен.
-Дайындығын қандай,-дедім.
-Ұрып тұр. “Қазақ Арғымағы” деген медаль жасаттым. 4 жылқыға 200 медаль. Аналардікіндей жәй темір емес, менікі алтын жалатылған, жарқ-жұрқ етеді.
-Әй, кластас оны қайтесің?
-Сайлауға дайындық. Сосын тойға барғанда рахат екен. Бұрын бай жылқышы боп тойға барғанда, құлын, тай, байтал атаушы едім. Енді медальді жарқыратып тағып берем. Қызды-қыздымен медаль алушы көрімдікке маған арғымақ мінгізетін болды. Сөйтіп 4 жылқым 200 жылқыға айналайын деп тұр. Нағыз бизнес екен. Айтпақшы, саған медаль керек емесін білем, анау медальсіз қалған дос-жарандар болса айт, 15-20 медальді салып жіберейін. Тек, сайлауға түскенде бір ауыз мені мақтап, ватсапқа салып жіберсе болғаны.
— Қатырасың сен, кіл мықтылар керек қой саған.
— Енді, аудан әкіміне біреуін тақтым, разы болды, награтсыз қап едім биыл деп. Облыс Әкіміне орден дайында деді. Содан “Нағыз Қазақ Арғымағы” деген орденге заказ беріп қойдым. Саған біреуін жазып бере аламын.
Айтпақшы достар, медальсіз қалған кім бар. Жылқышы досым Жылқайдаровқа тізім дайындап жатырмын.

Махат Садык фб парақшасынан