Медициналық колледжді 450-ге жуық түлек бітірді
Бүгін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бітіруші түлектерінің диплом алу салтанаты өтті.
Оған Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қатысып, бітірушілерді құттықтап сөз сөйледі: “Алғашқы сөзімді қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөзімен бастағым келіп отыр. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез- келгеніне икемділік қажет «.
Медицина-бұл ерекше рухани қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби біліктілікті, білім мен дағдыларды қажет ететін мамандық. Мамандық таңдау-өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау үлкен өмірге жолдама алу. Орта буынды медицина қызметкерлері қашанда өз таңдаған ісіне жоғары адамгершілігімен, жанқиярлығымен және адалдығымен ерекшеленген. Сондықтан біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Бұл күн сіздердің жүректеріңізде жатталып қалары сөзсіз.”,- деп,
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің қаржылық жағдайы, жоғары білікті кадрлар құрамы, серпінді дамып келе жатқанын және материалдық-техникалық базасы, дамыған ақпараттық жүйесі және жергілікті желісін пайдалана отырып заман талабына сай, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлап отырғанын атап көрсетті.
Басқарма басшысы оқу орнын үздік аяқтағандарға дипломдарын тапсырып, оларға сәт-сапар тіледі.
Медициналық колледжді 450-ге жуық түлек бітіріп, жаңа өмірге жолдама алды.
Жанар Оспанова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы