Медклиника директоры Еркін Адасбаев: жұмысшыларымыз әлеуметтік төлемақыны ала бастады
Бубновский медициналық клиникасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемақыға алуға алғашқылардың бірі болып өтінім берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жұмысшылардың жалақысын 18 наурызға дейін төлеп, оларды карантинге жібердік. Олардың ары қарайғы күнкөрісі үшін жалақы төлеу қиындау боп тұр. Себебі, адам болмаған соң, кіріс те жоқ. Осы орайда, Президент тарсырмасы үлкен көмек болды. Жұмыссыз қалған қызметкерлерге 42500 теңге көлемінде көмек көрсетіліп жатыр. Ол көмекке разымыз. Көп адамға шаққанда ол қыруар ақша»- деді кәсіпкер. Ол әлеуметтік төлемдер алу барынша жеңілдетілгенін айтып, өтініш берген сәттен бастап жұмысшылары төлемақы ала бастағанын қуана жеткізді. «Біз электронды түрде өтінім бердік. Қызметкердің тізімін, қосымша құжаттарды дайындап 1 күннің ішінде тапсырдық.Сол күнде комиссия қарап, кешеден бері жұмысшылар тәртіп бойынша ақшаларын ала бастады»,- деді Е.Адасбаев. Елордалық жеке кәсіпкер осындау қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткен мемлекетке разылығын білдіріп, жұмысшыларын үйде отыруға шақырды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі