Медресенің орнын белгіледі
Жуырда Айша бибі ауылына барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жергілікті әкімдік пен ауылдық Мәдениет үйінің ортасында «Қазақстан мұсылмандары діни басқрамасының» жоспарымен еңсе тіктейтін 50 келуші жасөспірімге салынатын медресенің орнын белгіледі.
— Қастерлі мекеннің ажары ашылып келеді. Орталық көше — «Жібек жолы» көшесіне тротура төселсе, 300 орынды мектептің құрылысы бел ортадан асты. Орталық стадионды қалып келтіру, дене-шынықтырумен айналысатын бөлмелерге жабдықтар орналастырылуда. Кесене мен мектептің маңынан туристік орталық салу жоспарға еңгізілді.
Ал, қыздар қауымына салынатын медресе көрнекі жерден бой түзеуі керек. Ауыл ақсақалдарының да ойын тыңдадық. Оңтайлы орын — осы. Мұнда жер құжаттарын заңдастыру жұмыстарын жеделтету керек. Медресе аумағына қосымша жер қарауымыз қажет. Әр жер учаскесіне жеке-жеке құжаттар рәсімдемес үшін жер көлемді артығымен есептеп бір ғана төлқұжатпен жасау керек, — деген Ерлан Қыдыралыұлы тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, орындалуы барысын хабарлап отыруды еске салды.
Аудан әкімімен бірге орынбасары Нұрлан Несіпбеков, ауылдық округтің әкімі Дәрмен Дәулет бірге жүрді
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі