Мейір-махаббат бар жерде — сыйластық та, құрмет те, бақыт та болады

Жаратушы Алла бәрімізді жұп-жұбымызбен жаратқан. Бұл өмірде жұбын іздегендер көп болғанымен — жанына жақын адамын тапқандар сирек кездеседі.
Махаббатты — үйлену деп ойлайды, құдіреттің құнын білмес сорлылар, — деп Мұхтар ағам бекер айтпаған.
Адам өзі жалғыз жүріп те бақытты күн кеше алады. Ал, өзінің адамын тапқанда толыққанды бақытқа кенеледі. Теңін тапқанда бақыты еселене түседі.
Бақытсыз адам — өзгенің өміріне араласады, басқаның бағын көре алмайды. Өзіне внимание жетіспегесін, өзі бақытқа кенелмегесін, басқаның да өзінен асып кеткенін өзі жақын көрген адамның — басқаға көңілі ауып кеткендігін қаламайды.
Сол үшін қаншама бақытты отбасы бұзылады. Егер де әлемде барлығы өз жұбын сүйіп таңдап, теңіне қосылса, бақытсыз адам болмас еді.
Өзім қартайғанда келінімді баламнан қызғанып, әйелін қадірлеген баламды келініме айдап салатын, немереме шешесін жамандайтын, қазан-ошақтың басынан шықпайтын, желіде қыз-келіншектердің етек-жеңімен, жеке шаруасымен арпалысатын, Құдай тамақтан, қонақтан қалмайтын бақытсыз кемпір емес, шалыммен бірге саяхаттап, бірге спортпен айналысып, бақта серуендеп, бірге диета ұстап, тіл үйреніп, балаларымның бақытына алыстан ортақтасатын кемпір болғым келеді.
Өйткені менің сый-құрметке, сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленетін, түсінісе алатын ең жақын адамым — жолдасым болуы керек-ті.
Мейір-махаббат бар жерде — сыйластық та, құрмет те, бақыт та болады. Ал жұптардың бірі сүймесе, бақытсыздықтык көкесі сонда болады. Сүймеген адамды оңай ренжіте салады. Ол да ренжи-ренжи көңілі қалады. Сөйтіп, бір-бірінің қадірі кетеді.
Екіжақты махаббат болғанда ғана — адамның бақыты толық, шаңырағы шат болады.Жаратушы Алла бәрімізді жұп-жұбымызбен жаратқан. Бұл өмірде жұбын іздегендер көп болғанымен — жанына жақын адамын тапқандар сирек кездеседі.
Махаббатты — үйлену деп ойлайды, құдіреттің құнын білмес сорлылар, — деп Мұхтар ағам бекер айтпаған.
Адам өзі жалғыз жүріп те бақытты күн кеше алады. Ал, өзінің адамын тапқанда толыққанды бақытқа кенеледі. Теңін тапқанда бақыты еселене түседі.
Бақытсыз адам — өзгенің өміріне араласады, басқаның бағын көре алмайды. Өзіне внимание жетіспегесін, өзі бақытқа кенелмегесін, басқаның да өзінен асып кеткенін өзі жақын көрген адамның — басқаға көңілі ауып кеткендігін қаламайды.
Сол үшін қаншама бақытты отбасы бұзылады. Егер де әлемде барлығы өз жұбын сүйіп таңдап, теңіне қосылса, бақытсыз адам болмас еді.
Өзім қартайғанда келінімді баламнан қызғанып, әйелін қадірлеген баламды келініме айдап салатын, немереме шешесін жамандайтын, қазан-ошақтың басынан шықпайтын, желіде қыз-келіншектердің етек-жеңімен, жеке шаруасымен арпалысатын, Құдай тамақтан, қонақтан қалмайтын бақытсыз кемпір емес, шалыммен бірге саяхаттап, бірге спортпен айналысып, бақта серуендеп, бірге диета ұстап, тіл үйреніп, балаларымның бақытына алыстан ортақтасатын кемпір болғым келеді.
Өйткені менің сый-құрметке, сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленетін, түсінісе алатын ең жақын адамым — жолдасым болуы керек-ті.
Мейір-махаббат бар жерде — сыйластық та, құрмет те, бақыт та болады. Ал жұптардың бірі сүймесе, бақытсыздықтык көкесі сонда болады. Сүймеген адамды оңай ренжіте салады. Ол да ренжи-ренжи көңілі қалады. Сөйтіп, бір-бірінің қадірі кетеді.
Екіжақты махаббат болғанда ғана — адамның бақыты толық, шаңырағы шат болады.