МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» — деген екен дана халқымыз.Табиғатты, қоршаған ортаны, айналамызды қорғау – өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеп, қатігездіктен сақтандырады.

 

Мейірімділік қанымызда бар қасиет. Бабаларымызұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулыған. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, тіпті табиғатқа камқорлық жасаудың өзін қайырымдылық іске жатқызған. Бұл өскелең ұрпақты мейірімділіккетәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған.

 

 

Технократия қарыштай дамыған, рухани құндылықтарымыз әлсірей бастаған жаһандану заманында әлемді мейірімділік ғана құтқарады.

«Адамды адам ететін — мейірім мен қайырым» — деген сөз бар. Яғни, осы сөзді үнемі жадында ұстайтын, айналасына қайырым-қамқорлықпен қарайтын жандарды рухани меценат деуге болады.

 


2017 жылы
 Назарбаев зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Жарқынай Серікова деген мейірімді қыз бала асханада мектеп оқушылары жемей тастап кеткен ас қалдықтарын иттер мен мысықтар ұстайтын панажайға апарып бере бастаған. Бұл ізгі жоба  Жарқынай мектеп бітіргенше жалғасады.

 

 

2022 жылы бұл жоба қайта жалғасын тауып, екі мектеп оқушысы бастамашы болған ізгі ісі ауқымын кеңейтті. Бұл жобаны бүгінде «Еуразия  орталықАзия» қорының қолдауымен әлеуметтік кәсіпкер Тәңірбергенова Алтынай Мұратжанқызының идеясымен Сыздықова Сәуле жүргізіп отыр.

 

 

Жобаның ерекшелігі – елордамызда мұндай жоба бірінші рет жүзеге асырылып отыр, әрі балалардың үй жануарларына қамқорлық жасауына және мейіріммен қарауына мүмкіндік береді. Бүгінде жобаға қатысушы екі оқушының отбасы хайуанаттарға арналған панажайдан екі ит асырап алуға дайын.

Жобаға Елордамыздағы 10 мектеп қатысуда. Осы мектептердің 100 белсенді оқушысы мектеп асханаларындағы балалардан қалған асты мұқият ұқыпты түрде жинап береді. Жиылған тамақ қалдықтарын 4 ерікті ит пен мысықтарға арналған панажайға жеткізеді.

«Мейірімді ас» жобасы аясында қатысушы оқушылар панжайға экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар ересектердің жауапкершілігінің болмауы салдарынан панажайға түскен үй жануарларының жағдайын өз көзімен көрді.

«Мейірімді ас» жобасының ұйымдастырушылары бір панажайға тамақ қалдықтарын сақтау үшін үлкен мұздатқыш сыйға тартты.

Қазіргі уақытта қаламыздағы ит пен мысыққа арналған панажайларда 4000 ит пен 200 жуық мысық бар екен. Бүгінде оқушылардың демалысқа шығуына байланысты төрт аяқты кішкентай достар үшін қала дәмханалары мен мейрамханаларынан тағам қалдықтары жиналады.

Жоба жетекшісінің айтуынша, бұл жоба балалардың бойында адамгершілік, мейірім, қамқорлық қасиеттерін дарытып, қоршаған ортаны құрметтеуге үйретеді, сонымен қатар, балалардыысырапшылдыққа жол бермеуге және еңбекқорлыққа тәрбиелейді.

Мейірімділік бұл – адамға да, жан-жануарларға да, табиғатқа да қамқор болу. Сондықтан бүгінгідей рухани құлдыраған заманда жас ұрпақтың жүрегін ізгілендіру үшін «Мейірімді ас» тәрізді ізгі жобалар  керек-ақ.

Шәкен Тұрар Сәттарқызы, «Елана» сайтының үйлестіруші-тілшісі