МЕЙІЗ ҚАЙНАТПАСЫ

100 грамм ұсақталған мейізді еттартқыштан өткізіңіз. Оған 1 стакан су құйып, баяу отта 10 минут қайнатады. Оны бірнеше қабатталған дәкемен сүзіп алады. Осылай дайындалған мейіз қайнатпасын күніне 3 рет, астан бұрын ішу керек. Ол гипертония, аритмия, вегетативті дистония, бауыр мен өт қабының аурулары кезінде жақсы көмектеседі. Мейіз қайнатпасы ағзаны жасартып, жүрек пен өкпені нығайтып, жүйкені ширығудан сақтайды.
Егер жиі шаршап, жүйке сыр беріп жүрсе, тым ашуланшақ болып кетсеңіз түнде бір уыс мейізді суық суға салып қойыңыз да, таңертең суын ішіп, мейіздерді асықпай жеңіз. Мұны кемі 1 ай жасаған жөн.
Мейізге пияз шырынын қосып қолдансаңыз, жөтелу, мұрыннан су ағу, ангинаны тез жеңуге жәрдемі бар. Ол үшін 100 грамм мейізге 1 стакан қайнаған суға құйып, бетін жауып, 10 минутқа қалдырыңыз. Сосын сүзіп алып, 1 ас қасық пияз шырынын араластырыңыз. Мұны аурудан толық жазылғанша, күніне 3 рет жарты стаканнан ішеді.
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ …….

Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.