Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді
Алғашқы медициналық көмек-бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені.
Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің акт залында №5 Тараз қалалық емханасының дәрігер реанимотологы Салыков Амангелді Сулейменұлы ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді уйретті.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше адамның өмірін сақтап қалу. Бұл кеңестер өзімізге, жазасын өтеушілерге және басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.