Мекеме қызметкерлері сауапты іс жасады
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлері облыстық Қан орталығына арнайы барып,қан тапсырды. Қызметкерлер тәртіпке сай кезек күтіп,тиісті тексерістен өтті. Себебі,донор болуға ниет білдірген азаматтарға талап сондай. Тексерістен өткен соң,олар дәрігердің рұқсатын алып,қайырымдылық шараға қатысты. Бұл істі әдеттегі игі дәстүрге айналдырған ҚАЖ қызметкерлері осылайша талай адамның өміріне араша түсіп жүр. “Бір тамшы қан – өмірге араша” демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жан бар. Бүгінгі игі ісіміз адамдарға жаңа өмір сыйлайды деп сенеміз,және өңіріміздің барлық тұрғындарын белсенділік танытып,қан тапсыруға қатысуға шақырамыз.