МЕКТЕБІМІЗДІҢ ЕКІ БІРДЕЙ ҰСТАЗЫ РЕСПУБЛИКАНЫҢ «ҮЗДІК ПЕДАГОГІ»
«Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулетшісі» деп бекер айтылмаған. Ұстаздардың қоғамдағы рөлі жоғары және өркениеттің дамуына сәйкес зор мәртебеге ие екенін бәріміз білеміз.
— Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген.
Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті.
Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет, – деп Президентіміз айтқандай бүгін педагогтеріміздің мерейі үстем болған күн болды.
ӨЙТКЕНІ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды. Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады.
Ведомство басшысы құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында мұғалім мәртебесі 2019 жылы заңнамалық деңгейде бекітілгеннін атап өтті. Мұғалімдерге лайықты жалақы, үстемеақылар, заманауи жұмыс жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндіктері қарастырылған.
«Мұғалім тек мамандық емес, жүректің таңдауы, жанның қалауы. Қай заманда болсын ағартушылар қоғамды ең құнды дүние — білімге жетелейтін көрнекті тұлғалар саналды.
Меніңше педагогтердің жанкешті еңбегінің мәні осы. Жыл сайын біздің мұғалімдер халықаралық аренада жоғары жетістіктерге жетуде.
Кеше ғана жарияланған PISA-2022 жаһандық рейтингінің нәтижелері де тікелей біздің ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Бүгін біз сіздердің ағартушылық қызметтеріңіздің маңыздылығын тағы бір рет атап өту үшін жиналдық.
Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», — деді Ғани Бейсембаев.
Биыл «Үздік педагог» байқауына қатысу үшін 961 өтінім берілген. Конкурс қорытындысы бойынша 64 педагог өз мамандығы бойынша үздік атанды.
Олардың арасында мектебіміздің яғни №5 мектептің екі бірдей мұғалімі:
•Ошақбаев Рауан Маратұлы — география пәнінің мұғалімі;
•Нуралиева Айнұр Ерболқызы — математика пәнінің мұғалімі бар.
Ұстаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Осы орайда мен де тек мектебіміздің ғана емес, өңіріміздің абыройын көкке көтерген Педагогтерімізді шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймын!
Өз атымнан және мектеп ұжымы атынан Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын!
Эльмира Койлыбаева,
N 5 мектеп директоры.
Жамбыл облыстық мәслихат депутаты