МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, «Мойынқұм сужылу» КМК-ның директоры Тұрсын Үстеміров, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Бажикова, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсембаев пен Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұлмен бірге аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы білім ошақтарын аралап, қысқы маусымына дайындық пен ағымдағы жөндеу жұмыстарының жайына бақылау жасады.
Келесі күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы Жамбыл ауылында болып, Абай атындағы орта мектеп пен «Ақбота» балабақшасының қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеріп қайтты.
Сонымен қатар ауылдағы су тарату имаратының жай-күйін көзімен көрген Ержан Әлімханұлы «Мойынқұм сужылу» КМК-ның инженері Шыңғыс Шынархановқа бірқатар ескертулер жасап, жұмысшылар күшімен су тарату имаратының тазалығын ретке келтіруді және қоршауын абаттандыруды тапсырды.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,Мойынқұм ауданы