Мемлекет басшысы «Төрелік туралы» Заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төрелік туралы» Заңға қол қойды, Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін дамытуға және төрелік талқылау рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған «Төрелік туралы» Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Елбасы «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: BAQ.KZ