Мемлекет басшысы, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер кентінің тұрғындарымен кездесті

Президент Қазақстанды достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, сондай-ақ, барлық этникалық топтардың ортақ отаны болып саналатынын атап өтті. Еліміз түрлі тарихи жағдайларға байланысты, қиын-қыстау заманда мәжбүрлі түрде қазақ жерін паналап келген халықтың бәрін құшақ жая қарсы алғанын айтты. Мемлекет басшысы Қордай ауданында болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығару керек екенін мәлімдеді.