Мемлекет қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы , Таластық Жақсыбек Құлекеев спорттық алаңша сыйға тартты

Тағылымға толы- 50 жыл
Бүгін Талас ауданы Бостандық ауылы Алғабас орта мектебінің жалпы орта мектепті бұдан 50 жыл бұрын бітірген түлектер білім ордасында бас қосты.
Жарты ғасыр бұрынғы түлектер мектеп оқушыларына жаңа аспан астындағы спорттық алаңшасын сыйға тартты.
Сондай-ақ ширек ғасыр бұрын түлеп ұшқан білім ұясына ағаш отырғызып, көгалдандыру шарасына ат салысты.
Осындай жарты ғасырлық кездесу барысында Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы сөз сөйлеп, бүгінгі балаларды қорғау күнімен құттықтап, түлектердің жасап жатқан сыйына тұрғындары атынан шексіз алғыс білдірді.
Сонымен қатар аудан әкімі атынан сыйлық қарша жауды.
Балалардың барлығына балмұздақ пен доптар таратылды.
«Түлектердің араға жылдар салып кездесуі, сағыныса қауышуы – оқу жылы аяқталар тұстағы ең керемет сәт.
Өңірдегі білім ұясы өзінің 1974 жылы бітірген түлектерін құшақ жая қарсы алды.
50 жыл бұрынғы түлектер қанат қаққан алтын ұясына жиналып, өздері білім алған қарашаңырақтарына құрмет көрсетті.
Мектеп бітіргеніне 50 жыл толған балалық шақтарын еске алып, би билеп, кездесуді көңілді өткізуде.
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз,
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз-деп ғұлама Әл-Фараби атамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауға, жұмыстарыңызда табысты болсын»-деп аудан басшысы ізгі неитін арнады.
Осы игі шараға мен де қатысып, аудан басшысымен бірге түлектер тартуының ашылуының куәсі болдым.
Керемет кездесуден жақсы әсер алып, әдемі әсерде болдым.
Шындығында бүгінгі таңда ауданымызда жалпы еліміз бойынша сапалы білім алуға барлық жағдай жасалуда.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары бүгінгі билікке деген зор сенім қалыптастырды.
Жолдау аясында үш маңызды тірекке ерекше мән берілгенін аңғардық. Бұлар: күшті Президент, ықпалды Парламент, естуші Үкімет.
Жолдаулардан жанымызды жылытқан тағы бір бастама – білім саласындағы ахуалдың тұрақтылығы мен сапасына аса мән беруі болды.
Президент Жолдауда: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.
Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», – деп атап өтті.
Расында, қазіргі дәуірде қай салада болмасын жайлылық – бірінші орында.
Әсіресе білім беру саласында әр оқушының жағдайын жасау олардың білім алуға деген ынтасын еселеп, қанаттандыра түсті.
Отанымыздың кемел келешегі болған жастарды қолдау болашағы бекем ел үшін аса маңызды.
Бұл жайлы тоқталып отырған себебім де осы, бүгінгі балалар күнінде аудандық білім бөлімі де балаларды қуантудан кенде қалған жоқ. Қуантсаң баланы қуант деген.
Ал, нақты көптің қуанышына айналған шара түлектер тартуы болды.
Түлектердің білім алған мектебінде кездесу өткізіп, тарту жасайтын үрдіс бұрыннан бар.
Қазір әр аудандағы бірқатар ауылдарда түлектер тарту еткен нысандар бар.
Аллея дейсіз бе, шағын саябақ, футбол алаңы, скверлер мен ескерткіштер, аркалар…
Тізе берсе, жалғаса береді. Азаматтар туған жерді көркейтуге көп үлес қосып, демеушілік жасап жатыр.
Ел дегенде елжіремейтін жан бар ма?!
Ал,ауылға барғанда құрықол барғың келмейтіні тағы бар.
Кезіндегі жанға жылылық сыйлайтын, балалықтың бал шағын еске салатын түлектердің әдемі кездесуде осындай игі іске демеушілік жасаған, азамат еліміздің экономика және сауда, білім және ғылым саласын басқарған белгілі экономист, ғалым, мемлекет қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы , Таластық Жақсыбек Құлекеев ағамыз екенін айтып өткеніміз жөн.
Ақиқатында алдыңғы буын ағалардың, мектеп түлектерінің мектепке құрмет көрсетуі – бүгінгі білім алып жатқан жастарға үлгі-өнеге.
Тәлімі теңіз, рухы асқақ ұстаздардың алдын көріп, білім нәрімен сусындаған кешегі шәкірттер бүгінгі мектептің түлектерінің алтын ұяға келуі бәрімізді қуантты.
Барлықтарыңыздың да еңбектеріңіз еленіп, әлі де ел үшін қызмет жасай беріңіздер.