МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК ТУҒЫЗДЫ
2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын, солардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленген.




«Біріншіден, бұл – жоғары сұраныстың болуы. Бүгінгі таңда елімізде студенттер тұру үшін 63 мыңнан астам орын-жай жасау қажет. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік. Оның үстіне, жақын болашақта Қазақстанды 2000-шы жылдарда болған baby-boom-ның салдары күтіп тұр, сондықтан студенттер контингенті де өсетін болады. Әлбетте, бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймасы анық», — деді ол.





«Іске асырылып жатқан жобалар аясында мемлекеттік тапсырысты орналастырумен қатар, қосымша табыс көздері болады. Өйткені, студенттердің ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттік тапсырыстың құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады. Сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету үшін коммерциялық алаңдар (асхана, шаштараз, жаттығу залы және т.б.) жасауға болады, олардың негізгі тұтынушылары тұрғындар», — деп түсіндірді ол.

Өңірлік коммуникациялар қызметі