Мемлекет тарапынан жұмысыздарға қандай көмек бар?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді.Осы мақсатта көптеген аумақтарда дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Соның бірі – республикалық нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы. Бағдарлама шарттарына сәйкес, оған 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыс іздеп жүргендер, жұмыссыздар, жақында қысқаратыны туралы ескертпе алған жұмыскерлер қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін талапкер жоғарыда аталған санаттардың біріне жатуы тиіс. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін жұмыссыз азаматтар өздерінің тұрақты мекен-жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінгендері дұрыс. Сөйтіп олар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, жұмыс іздеген адам ретінде, одан кейін жұмыссыз ретінде тіркеледі.»Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниетті азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыссыз адам ретінде тіркелуі тиіс. Ол жерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы толық ақпарат беріледі. Одан бөлек, Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі – ХЖҚО) қызметтерін қашықтықтан ала алады.
Ауданда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жұмыс істейді, бағдарламаның екінші бағытына тоқталатын болсақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне үш жылдан аспаған кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Ол жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе шаруа қожалығы болуы мүмкін. Бір кәсіпкерге берілетін несиенің ең жоғарғы мөлшері ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін немесе 6,958 млн. теңгені құрайды. Несие негізінен жаңа бизнесті ашуға, дамытуға, айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Бағдарламаның артықшылығы сол — азаматтар қандай кәсіп түрімен айналысамын десе де, өз еркі. Егер «Бизнестің жол картасы» бойынша экономиканың басым секторларына қатысты, яғни, өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау секілді іріктелген жобаларға ғана несие берілетін болса, «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге еш шектеу жоқ. Екіншіден, несие ең төменгі 6 пайыз жылдық мөлшерлемемен беріледі. Және несие бергені үшін екінші деңгейлі банктерге қандай да бір комиссиялық төлемдер алуға тыйым салынған. Үшіншіден, несие алғысы келетін кәсіпкердің кепілдігі жетпеген жағдайда «Даму» қоры несие мөлшерінің 85 пайызына дейін кепілдеме береді. Бұл — бағдарламаның негізгі артықшылықтары.
«Еңбек» арқылы мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпкерлер кем дегенде бір жаңа жұмыс орнын ашуға міндетті.
Бағдарламаның жүзеге асырылу механизміне келетін болсақ, қаржы жергілікті атқарушы билік арқылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамдары, кредиттік несие серіктестіктеріне беріліп, осы қаржы ұйымдары ары қарай өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, жұмыссыздарды халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен шағын несиемен қамтамасыз етеді. Қаражат толығымен қайтарылуға жатады. Несие алған кәсіпкерлерге талап бойынша несие алу мерзімінің үштен бір бөлігіне тең уақытта каникул берілуі мүмкін. Яғни кәсіпкер толық аяғынан тұрып кеткенше несиесін банк талабына сай жеңілдетілген кесте бойынша төлей тұрады. Міне, аталған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамытуы» бойынша Байзақ ауданының тұрғындары осы бағдарламаның жеңілдіктерін көруде.
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтармсыз гранттар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, 1 АЕК – 2917 тг), яғни биылғы көрсеткіш бойынша 583 400 теңге. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен реттеледі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға — бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар үміткерлер болып табылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу дегеніміз– әртүрлі мамандыққа, мысалы: шаштараз, аспазшы, жихаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстардан өту. Бұл оқу операторы – жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасында өтеді. Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Халықты жұмыспен қамту орталығынында. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.
Осы «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп отырған бағдарлама спикерлерін назарға ұсынамыз, олар:
1.Тілеуберді Айдана Төреханқызы
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – жұмыссыз.
2021 жылы 23 қаңтар айында Тілеуберді Айдана Төреханқызы жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Орталық мамандарының кеңесінен кейін Тілеуберді Айдана Төреханқызы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағытымен «жастар тәжірибесі» арқылы 6 айлық жұмысқа жолдама алды. 05.02.2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Байзақ ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндем жұмыс тәжірибесін алуда. Жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осындай мүмкіншілік беріп отырған Үкіметке және халықты жұмыспен қамту орталығының ұжымына алғысын айтады.
Телефон: 8(747)8656160
Мекен жайы: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Мамбет батыр7/1

2.Келесі спикер, Кенбаева Жамал Айладыровна Байтерек ауылдық окгругінде ақылы қоғамдық жұмыс орнында жұмыс істейді.Ол ақпан айынан бастап сегіз айлық мерзімге жұмысқа жолдама алды.Осы жұмыстың арқасында 3 баласын асырап отыр.Айлык жалақысы 85000тг.Жұмыспен қамту орталығына алғыс айтуда.

3.Мен,Аширалиев Жумагали Тулкибаевич

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында, жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға түсіп, 3 ай уақытылы шәкіртақымды алып оқуды толығымен аяқтап, куәлігімді алдым. Оқуды аяқтап болған соң қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қатысып 2020 жылдың желтоқсан айының 23 жұлдызында 555600 теңгенің грантын жеңіп алдым. «Agro Green Technology» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаражатты толығымен аударып, құрылғыны уақытылы мерзімде алдым. 1 кг өнімнен 7-8 кг өнім алып малдарға беріп жүрмін. Бүгінгі нарықты заманда жем шөптің қымбыттығына байланысты, бұл құрылғы өте ыңғайлы қолайлы құрылғы. Осындай мүмкіншілік беріп отырған мемлекетіме алғысымды айтамын.

4. Жамисаров Баходир Мусадинович Байзақ ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығынан» микрокредиттер беру тәртібі бойынша консультация алып, «Еңбек» бағдарламасына қатысуға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін өтініш білдірген болатын. Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша микрокредитті алу туралы өтінішпен кредиторларға жүгінді. ЖК «Жамисаров Б.М.» «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 4,0 пайызбен 3,0 млн.теңге микрокредит алып, Ірі қара сиыр малын көбейтуге және де сүт өнімін өндіруге сатып алып, жұмысын атқаруда.Қосымша 2 жұмыс орнын ашып отыр.