Мемлекеттік бағдарламаның шапағатын Игіліктіктер көруде

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жарық көріп, шапағатын халыққа тигізуде.

Осы орайда ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бiрi әрi жұмысты жүргiзуге қолбайлау болатын жайт – егiн егу, оны жинау және маусымаралық жұмыстарға қажеттi техникалардың жетiспейтiндiгi екені рас.

Шаруалардың көктемгi егiстiкте қолбайлау болып отырған техника мәселесiн шешуде мемлекеттік бағдарламаларың қолдауы зор.

Осындай қолдаудың шапағатын көрген Игілік ауылдық округіне қарасты «Алтай» шаруа қожалығының төрағасы Аманов Абдімажи Тілеубайұлы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы лизингке «Беларус-82.1» тракторын қосалқы бөлшектерімен 12,0 млн теңгеге сатып алды.

«Алтай» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаға қатысып бүгінгі күнде 2-ші ауыл шаруашылық техникасын алуда. Қожалық егін және мал шаруашылығын дамытуда.

Игілік ауылдық округі

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы