МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР – АУДАНЫМЫЗДА

Осы аптада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Ол төтенше жағдайға байланысты аудандағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, Қайнар ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ғабидолла Абдоллаұлы аудан әкімі Бақыт Қазанбасовпен бірге Қайнар ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесіп, қалпына келтіру шаралары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тікелей бақылауында екенін және белгіленген мерзім ішінде толығымен аяқталатынын жеткізді.
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и на открытом воздухе)
Жалпы, жөндеуді қажет ететін 122 жылжымайтын мүлік анықталған десек, оның ішінде, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысан бар. Қалпына келтіру жұмыстарына 12 мердігерлік ұйым тартылып, 23 техника мен 185 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда, жеңіл бүлінген 62 тұрғын үй қалпына келтіріліп үлгерілген. Жалпы, қалпына келтіру жұмыстары 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда. Мемлекеттік инспектор ауыл тұрғыны Асхат Мамбетовтің үйінде болып, ондағы жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының барысына куә болды.
Возможно, это изображение (на открытом воздухе и дерево)
Бұдан соң Ғабидолла Оспанқұлов Жібек жолы ауылында бой көтеріп жатқан 150 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының үстіміздегі жылдың 30 тамызы күні берген №121 қорытындысы бойынша сейсмикалық қауіпті деп танылған Жібек жолы ауылындағы №5 мектептің орнына жаңа мектептің құрылысы басталып та кеткен. «Сырым Белеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болып танылған, 1,5 гектар аумақты алып жатқан құрылыстың жалпы сметалық құны 766 миллион теңгені құрайды. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде салынғалы жатқан құрылыс келер жылы аяқталады деп жсопарланған. 150 орындық мектеп ғимаратының жалпы ауданы 2846 шаршы метрді құрайды. Аталған жұмыстардың жай-күйіне қаныққан Мемлекеттік инспекторға аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Асқар Прманов қосымша түсінік берді.
Возможно, это изображение (текст «байзак ауданы жбек жолы ауылындары 150 орындык мектеп курылысы тапсырыс беруш жалпы сметалык куны курылыстын курыл басталуы курылыстын аякталуы курылыс баскармасы 766 млн. тенге 2021 ж. кыркуйек мердгер мекеме 2022 ж. жер телi̇мi̇ имараттын жалпы ауданы сырым белеке" жшс 2846 M2 казксрзи 30.08.2021 жылры № 121 корытындысы бойынша сейсмикалык kayinti деп танылды»)