МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ТАЛАС АУДАНЫНДА
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы жұмыс сапарымен ауданымызда болды.
Бүгінгі таңда орталық қазандықтың үш қазандығы ауыстырылуда. Аталған жобаның мердігері «Караганда-Котломаш» ЖШС болып табылады.
Орталық қазандық аудан орталығы Қаратау қаласындағы көпқабатты үйлердегі тұрғындарды, әлеуметтік және өзге нысандарды жылумен қамтамасыз етудің маңызды объектілерінің бірі болғандықтан жылыту маусымы кезінде кемшіліктердің орын алмауын ескертті.