МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕКТЕРДІ АТАП ӨТТІ

Аса ауылдық округі әкімінің аппаратында аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Аса ауылында қант қызылшасын және пияз дақылын егетін шаруа қожалық басшыларымен кездесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді, ағын су мәселесі, су үнемдеу технологиялары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шаруалар да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жиынға округ әкімі Бауыржан Қалшымбетов, аудан әкімдігі ауылшаруашылығы,жер қатынастары бөлімдері және «ҚазСуШар» РМК басшысы қатысты.

Жамбыл ауданы әкімдігі