Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі қызметі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығы бойынша, Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылдың қазан айында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 594 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 19 – тармағының 9 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету бойынша «Qoldau» акциялары ұйымдастырылды.

Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімімен бірге Наурызбай ауданының тұрғындарына Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету бойынша ақциясы нәтижелі өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі мақсаттарын ұстана отырып аудан тұрғындарына, Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның белгіленген нормативтік құқықтық актілер шегінде өтініш берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидаттары – көрсетілетін қызметті алушылардың ешбір кемсітусіз тең қол жеткізуі, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократиялық, бюрократиялық көріністерге жол бермеу, мемлекеттік қызметтердің есептілігі, ашықтығы, тиімділігі, қолжетімділігін көрсетті.

Сонымен бірге басқарманың басты бағыттарының бірі, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпаратты «Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» объектілеріне көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» объектілер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ нәтижені алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жібереді. Мемлекеттік қызмет «Бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет көрсету нәтижесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге есептік нөмірдің берілгенін растау немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап болып саналатыны, Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күнін құрайтының . Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетілетіндігі бойынша жұмыстар жасалатыны түсіндірілді.

Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылдың 9 айында 190 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қаралды, оның ішінде 133 нысанға, 57 жобаларға, 14 дәлелді бас тартулар болды.

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық             

бақылау басқармасының басшысы                      

В.И.Конеева