Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Жамбыл өңірінің жастарымен кездесті
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен жастармен кездесуде МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай жастар үшін мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып, жоғары оқу орындарының үздік түлектерін аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тікелей тағайындауға қатысты Агенттіктің жаңа шешімі жайлы баяндады.
Сондай-ақ ол өңірлер үшін жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің басталғаны және оның негізгі талаптары жайлы айтты. Еліміздің барлық өңірлерінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектептері» ашылғанын айта келе, жастарды осы мектептің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Агенттік төрағасы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан тұлғаларға алғыс хаттар табыстады.