«Мемлекеттік қызмет те, бизнес те, білім мен ғылым да, медицина да іс жүзінде қазақ тілінде сөйлесе екен»
Президент Үкімет пен Парламент тек қазақ тілінде сөйлесін деген тапсырмасына бүгін 10 күн толды. Тапсырманың мәнінен көрі тек сыртқы формасына назар аударатын Үкімет мүшелері ертесіне-ақ қазақша сөйлеуге тырысты. Ұлттық банк басшысының тілін сындыруға тырысқанын көріп, аяуға болады. Құдды бір соңғы 26 жылда Қазақстан емес, Сібірде тұрғандай. Осы жерде менде қазақ тілінің заманы келді ау деп ойладым. Қанша уақытқа жалғасады? Арты не болмақ? Басы бар аяғы жоқ іс болмаса екен.
Тапсырма уақытша акция болмаса екен. Қазақ тілі қазіргі аударма тілі мәртебесінен шынымен мемлекеттік тіл тұғырына шықса екен. Мемлекеттік қызмет те, бизнес те, білім мен ғылым да, медицина да іс жүзінде қазақ тілінде сөйлесе екен .
Көпұлттымыз, көршілер не дейді, советтік тарихымыз бар, асфальттік қазақ көп деген мың сылтауды сапыра беруге болады. Немесе ұялмай, қазақша сөйлеуді бастау керек. Ал өз кезегінде қате сөйлеген танысымызды тілдемей, қолдау білдіруді бастайық. Жүрген жерімізде бізге ана тілімізде қызмет етуін талап етейік. Ана тіліміз елді үлкен белестерге көтереді.
Азаматхан Амиртайдың фейзбук парақшасынан